Орындаған: Журымбай Арай Қабылдыған: Иматаева Айгүл



бет1/3
Дата24.05.2022
өлшемі2,17 Mb.
#35545
түріҚұрамы
  1   2   3

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университет
Орындаған: Журымбай Арай
Қабылдыған: Иматаева Айгүл
 (грек. phônçtіkуs – дыбыстық, дауыстық) – тіл білімінің тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы. Ол бұл ғылымды дыбыстау мүшелері, дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі және екпін, буын мәселелері деген салаларға бөліп зерттейді.

Дыбыс жүйесі
Қазақ тіліндегі дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған табиғаттан, әлеуметтік ортадан есту мүшемізге сезілетін, әсер ететін әр алуан үн-дыбыстардың, сыбыс-сылдырлардың бәріне де қолданылады. Бірақ тілдің фонетика саласы дыбыс атаулыны ондай кең мағынада емес, тіл дыбысы яғни сөйлеу тілінің дыбыстары деген мағынада ғана қолданылады.
Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек:
  • дыбыс шығаратын дене – сөйлеу мүшелері,
  • дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш, қуат - өкпеден шығатын ауа,
  • ауа толқырлық кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ қуыс мүшелері.

Дыбысты қарастырудың 3 объектісі
Біздің дыбыстық тіліміз - өте күрделі құбылыс, сондықтанда оны үш түрлі аспектіде қарастыру керек.
Анатомиялық-физиологиялық аспект.
Дыбысты жасауға қатысатын мүшелер: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл , тіс, таңдай, жақ, ерін, т.б.
Акустикалық (физикалық) аспект.
Тіл дыбыстары да табиғаттағы басқа дыбыстар сияқты акустикалық құбылысқа жатады. Дыбыс атаулы бір-біріне ырғағы, күші, әуені, созылыңқылығы жағынан ерекшеленеді.
Лингвистикалық аспект. Тіл дыбыстары адамзаттың қарым-қатынас жасау құралы болып табылатын тілдің ең кіші бөлшегі ретінде қоғамдық мәнге ие. Осы қасиеті негізгі аспект болып табылады.
Дауысты дыбыстар: а,ә,е,и,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,э
Дауыссыз дыбыстар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,у


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет