Орындаған: Калдай Гүлим Мақсат қоюдың smart критерийлері



бет2/2
Дата26.06.2022
өлшемі20,64 Kb.
#37323
1   2
Мақсаттың талдауы:
Нақтылы емес. Өлшеу қиын Мерзімі көрсетілмеген. Ол 45минутта орындала ма?
Міне, осылайша біз мақсат қойған кезде оның SMART мақсат бойынша сипаттарына жауап берсек, жұмысымыз да соғұрлым нәтижелі болмақ.
Дәстүрлі сабақ беру әдістемесі бойынша біз үш мақсатты белгілеп жүрдік.
Ол үш мақсаттың орындалғаны маңызды емес, көп болып жазылып тұрса, көп жұмыс жасайтын сияқты түсінікке шырмалып қалғанбыз. Мысалы, қазақ тілінен тақырыпқа қатысты жаттығуларды қарап шығамыз да, еңбек туралы мақал болса, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу деп мақсат жаза саламыз. Ал ойсыз жазылған мақсаттан нәтиже шықпасы белгілі. Бұрынғы сабақ беру жүйесіндегі сабақтың мақсаты мен SMART мақсат бойынша құрылған сабақты салыстырып қарайық /Қосымша № 1/.
Оқыту мақсаттары – мұғалімдер оқушыларға үйреткісі келетін мәселелер:

  • Сіз оқушылардың нені білгенін қалайсыз?

  • Олар қандай түйінді идеяларды түсінгенін қалайсыз?

  • Өзіңіз ойлаған қандай сұрақтарды оқушылардың оқығанын қалайсыз?

Оқыту нәтижелері Сіздің табысқа жеткен-жетпегеніңізді көрсетеді :

  • олар оқушыларға бағытталуы керек;

  • көп жағдайда дағдыларды сипаттайтын нақ осы шақтағы етістік түрінде келеді;

  • оқушының жетістігі тұрғысынан жазылған.

Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. Джон Кеннедидің «Ұлттың дамуы толығымен білім сапасының дамуына тәуелді» деген ұлы сөзі бар. Демек, мақсатты дұрыс қою арқылы біз сол сабақтағы жұмыстың нәтижесін болжаймыз. Сабақты өткізген соң мақсатымызға қайта оралып, оқыту тиімділігін анықтай аламыз. SMART мақсатқа сай құрылған сабақ табысты оқытудың кепілі болмақ. Мұғалім жұмысында әдістемелік тақырыпты таңдап алып, сол бағытта жұмыстанамыз. Кейде сол тақырыптың атын ұмытып қалып, мұғалімдердің "Білмеймін, бірлестік жетекшісі біледі" дегенін де естіп жүрміз. Ол неліктен? Себебі тақырып та, мақсат та дұрыс таңдалынбаған. Ал мұғалімнің қызығушылығын оятпаған тақырып оқушыға қажет пе? Бұл ойланатын жағдай. Сондықтан әрбір жұмысты бастаған кезде "Мен нені нақты жүзеге асыра аламын, менің қолымнан не келеді?" деген сұраққа жауап беріп, кіріскеніміз дұрыс. Мақсатымыз аз болған сайын нәтиженің нақты және сапалы болатынына менің көзім жетті.
Мысалға келтіретін болсам, мен 2015 жылы маусым айында ІІІ деңгейлік курстан өтіп, сертификатты қолыма алғаннан кейінгі мақсатым, оқушыларды өзбетімен білім алуға үйрету болды, бірақ ойлана келе бұл смарт мақсаттың шарттарымен келмейтіндігіне көзім жеткен соң, мақсатым 2015-2016 оқу жылына "Оқушыларды өзін-өзі және өзара бағалауға үйрету" деп өзгерттім. Темірді қызған кезде соқ деген мақал бар, сол себепті биылғы жылғы мақсатым "Оқушыларды LEGO MINDSTORMS Education EV3 бағдарламасында жұмыстануға үйрету" болып табылады.
Мақсат жұмыстың нәтижесін анықтайды. Мысалы оқушы сабақ сұраған кезде мұғалімнің өткен сабақта айтқанын оқушы қайталаса, ол көшірме болып саналады. Ал Дербес компьютердің даму тарихы тақырыбын өткеннен кейін, оқушы "Адамзаттың ойлап таппайтыны жоқ" десе, ол бағалап отыр. Оқушы мұғалім берген білімді тек тұтынушы емес, өндіруші болса ғана, біздің мақсатымыздың орындалғаны. Оқыту нәтижесіне бізді SMART мақсатқа сай құрылған сабақтар жеткізеді деп ойлауға негіз бар. Әр жұмысты аяқтаған соң, қойған мақсатымызға қайта оралып, нәтижені сараптаймыз. Ғалымдар рефлексияны сананың «өткенге жүгінуі» деп сипаттайды. Ал өткенге жүгіну арқылы біз жаңа мақсат қойып, жаңа іске кірісеміз.
Ұлы Абай:Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ! деген еді. Бар өмірлік мақсатын төрт ауыз сөзбен түйіндеген ақынның берер жемісі азайып кеткен жоқ. Қаншама ғасыр өтсе де, сарқылмайтын кенге, таусылмайтын рухани азыққа айналды.
Мақсатты дұрыс қою- адам өміріндегі маңызды үдеріс, сол үшін оған күш те, уақыт та жұмсалуы керек. Егер де қойылған мақсатқа жеңіл түрде қолжетімділік болса, онда оның маңыздылығы басымдыққа жатпайды. Себебі оған оңай қол жеткізгеннен соң, тағы да жаңа мақсатты іздеу қажеттігі тұрады. Сондықтан мақсатқа деген талап өте күшті болуы керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауы» 2014 жылғы 17 қаңтар. 
2. «Мұғалімге арналған нұсқаулық»
3. ЖақсылықоваК.З. «Тренингтік ойындар мен жаттығулар», Алматы-2014.
4. Құлқараев А. ««E-learning» электронды оқыту жүйесі және оның мүмкіндіктері. Электрондық мектеп. - №2 - 2013

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет