Орындаған: Каманова Аружан бх-11 Қабылдаған: Дүйсенбиев М. Ж



бет2/4
Дата11.10.2024
өлшемі2,45 Mb.
#147664
1   2   3   4
Байланысты:
Катализ. Қайтымды реакциялар. Тепе-теңдік константасы.

Гомогенді катализ:
2CO+02→2CO2 (катализатор судың буы)
Реакция жылдамырақ жүру үшін судың (Н20 бу) буын катализатор ретінде қолданады. Бұл кезде катализатор да, әрекеттесуші заттар да бір фазада болады, олар гомогенді (біртекті) жүйе түзеді.
Гетерогенді катализ:
2SO2+O2→2SO3 (катализатор-платина)
бұл реакцияда катализатор - Pt не болмаса V2О5 екі заттың екеуі де қатты зат, ал реакцияласушы заттар SO2, О2, SO3, олар газдар, яғни бұл гетерогенді катализдің бір түрі.
Ферментативті катализде - катализатор рөлін ферменттер (энзимдер) атқарады. Бұл биохимиялық процестердің жоғарыжылдамдығын қамтамасыз ететін белок - табиғаттан алынған арнайы катализатор. Катализдің табиғатта және техникада маңызы өте зор. Химия өнеркәсібінде көптеген заттар катализатордың қатынасуымен іске асады. Оған күкірт қышкылын алу, аммиак синтездеу, өсімдікмайларын гидрогендеу (К.А.Жубанов), кептеген органикалық заттарды алу (Ф.Б.Бижанов) мұнай жене табиғи газды өңдеу(Г.Д.Закумбаева), көмірден жасанды каучук алу, қопарғыш заттар, гербицитер, инсектецитер өндіру - толық емес тізіміосы бола алады.
Химиялық өнеркәсіпте өнімдердің 70% көбі каталитикалық процестердің көмегімен жүзеге асады. Катализсіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес.
Қарапайым ферментативті катализдің сызбасы ферменттің аралық комплексінің (Е) әрекеттесетін затпен (S, субстрат) қайтымды түзілуі және осы комплекстің реакция өніміне (Р) айналу реакцияларынан тұрады:
Катализ гомогенді және гетерогенді болып екіге бөлінеді.
Гомогенді катализ теориясы әрекеттесуші заттар, катализатор және реакция өнімдері бір фазада болғанда каталитикалық реакциялардың кинетикалық заңдылығын қарастырады. Гомогенді каталитикалық реакциялардың ең маңыздысы газ реакциялары және ерітінділердегі реакциялар. Газ фазасында біртекті каталитикалық реакциялар көбінесе тізбекті механизммен жүреді. Бұл жағдайда катализатордың рөлі негізінен белсенді орталықтарды, яғни тізбекті жалғастырушы белсенді бөлшектер мен радикалдарды регенерациялау болып табылады.
Мысалы, CO+O2=CO2 реакциясында су буы катализатор болып табылатын біртекті каталитикалық тізбекті реакция болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет