Тіл мамандарының Кеңес одағы тұсындағы ең алғашқы зерттеулері мектепке керекті оқулықтар мен оқу құралдарын жасаудан басталды. Мысалы, 20-30 жылдарда тіл мамандары тек алфавит, орфография, пунктуация, ана тілі оқулықтары (грамматикалар), сөздіктер және басқа құралдар жасаудың айналасында еңбек етті.
5-6 класқа арналған Сейіл Жиенбаев «Грамматика талдауыш», «Үлкендерге хат танытудың методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқытудың методикасы»,
1936
«Қазақ тілі методикасы»,
1941
«Грамматикалық таблицалар»,
1942
«Жаттығу емле мен тіл дамыту»,
1944
«Қазақ тілі методикасы»
1946
Қазақ тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы «Грамматика оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.
1940 жылы Ғали Бегалиевтың «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы», онан кейін 1950 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген кітабы жарық көрді.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» (I бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты.
И.Ұйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші материалдар», ал 1962 жылы «Қазақ тілі методикасының очерктері» деген еңбектері басылып шықты.
Әмеди Хасенов қазақ тілі программалары мен оқулықтарын жетілдіру, жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірді. 1957 жылы «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері», «Пунктуацияны оқыту жолдары» деген методикалық еңбектері жарық көрді.
Бұл салада көп еңбек еткен, орфография жөнінде күрделі методикалық еңбек жазған Көшен Жолымбетов болды. К.Жолымбетовтің 1958 жылы «V-VI класс оқушыларында кездесетін орфографиялық қателерді түзету және болдырмау жолдары»,