Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. - Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді.
- Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.)
- Антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады.
- Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б.
Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі: - Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:
- Биологиялық - кездейсоқ, не адамзатіс-әрекеті нәтижесінде ластануы;
- Механикалық - қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің нәтижесінде ластануы:
- Химиялық - қоршаған ортанын химиялық құрамының өзгеріп, ұзақ жылдар бойы қалыптаеқан әр түрлі зат мөлшерінің, қалыпты жағдайдан артып кетуі;
- Физикалық ластану - Шу, дабыл нәтижесінде;Электромагнитгі толқындардың шектен тыс артуы;Радиоактивті ластану.
Биологиялық ластануға: ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, т.б. жатады. Олар ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі.
Жер бетіндегі шамамен 1 500 000 жануардың 50 000-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі – ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер – уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек керек болғанда ғана пайда болады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар, бүргелер жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдер қоректену объектісі ғана емес, олардың өсіп-көбейетін тұрақты ортасы болып саналады. Оларға: безгек плазмодиі, аскаридалар, қышыма қоздырғыштары жатады.
Микробтардың ауру қоздыруына қажетті бірден-бір шарт - адам организмінің әлсіреуі, оның оған қарсы тұратын қауқарының болмауы. Организмге түскен микробтар өсіп-өну үшін айрықша жағдай керек. Эволюциялық өзгерістер арқасында микробтар адам организмінде де белгілі бір жерде өсіп-өнуге бейімделеді.
Мысалы, безгек қоздырғышы тек қанның эритроцитінде өсе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |