Орындаған: Кеңесалы Динара Тобы: мс-20-3К Қабылдаған



Дата04.11.2023
өлшемі15,82 Kb.
#122224
Байланысты:
Глоссарий


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОНТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
Глоссарий


Тақырыбы: Сән және жеке-тұлғаның әлеуметтік белсенділігі

Орындаған: Кеңесалы Динара
Тобы: МС-20-3К
Қабылдаған: Байзахова.С


Сән ( франц. Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі)- киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Силуэт (siluett деген француз сөзі) – ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралардың (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш, сопақ, т. б.) бірін беретін киімнің кез келген бөлігінің сыртқы кескіні.
Стиль – (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік деген мағына береді. Сонымен қатар стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым - қатынасын көрсететін тұрақты, анық, ерекшеленген дәуір тілі.
Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкрекше, тұтас пішілген жең және т.б.).
Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, жакеттің ұзындығы мен белдемше ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің арақатынасы.
Сәнгер - Керкемдеуші сәнгер - Сәннің бағытын, киімге арналғанын, қандай матадан тігілетінін, керкемдік әшекей түрін ескере отырып шығарады.
Инженер - конструктор - Сәнді эскиз, сурет,фото бойынша шығарады.
Стилист - Сән үлгісіне карай шашты өңдеу - шаш стилисті.Соган сайкес бетті әрлеу - бет әрлеуші стилисті.
Классикалық стиль – келісті, іскерлі, элеганттты (өзгермейтін стиль) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері кіреді.
Спорттық стиль – демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
Романтикалық стиль – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік немесе нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, желбіреушелер, шілтерлер, банттар жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық стиль) – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлтық ою - өрнектер, кестелер, қол жұмысының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады
Костюм – өнер туындысы. Ол адамзат мәдениетінің даму кезеңдерін көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет