Орындаған: Куанышева Гульшат, Жақып Наргиз, Кішікақын Бижаңыл Тексерген: Камиева Г. С тақырыбы: «Жұмыр құрттар типі. Жалпы сипаттама»



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата31.10.2022
өлшемі382,28 Kb.
#46588
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1. 
Атауы мен сыртқы сипаты 
Жұмыр қүрттар алғашқы қуыстылар типіне жататын екі жақты симметриялы 
организмдер. Олардың басқаша атауы – нематодалар (латынша – Nematodes). 
Жұмыр құрттар атауына ие болуының себебі бұл құрттардың пішініне 
байланысты – денесінің орта жағы жуан болады да, екі ұшына қарай сүйірленіп 
бітеді және буылтықтарға бөлінбеген. Құрттардың дене ұзындығы 1 мм – ден 37 
см-ге дейін жетеді, бірақ 8 м-ге дейін жететін паразиттері нематодалар да бар.
Жұмыр құрттардың денесінің көлденең қимасы дөңгелек пішінді болғандықтан 
орыс тілдік еңбектерде оларды дөңгелек құрттар деп атау қалыптасқан. [1] 
2. 
Табиғатта таралуы, түрлері мен мекен ортасы 
Ғылымға бұл тіршілік иелерінің миллионға жуық түрі белгілі және олар 
жануарлар патшалығындағы ең көп таралған класс ретінде белгілі. 500 000 түрі 
ретінде нақты деректер бар, дегенмен оның ішінде тек 10 мыңға жуығы ғана 
сипатталған. [2] 
Шартты түрде нематодаларды екі үлкен топқа жіктеуге болады – еркін тіршілік 
етушілер және паразиттер.
Еркін өмір сүретін жұмыр құрттар су қорлары мен топырақта мекен етеді. Олар 
тіпті грунттарда, тұзды суларда, теңіздер түбінде де тіршілік ете алады, сол 
себептен Жер шарыеда кең таралған. Әдетте олар өте ұсақ өлшемді – ең ірілері 
бар болғаны 3 см-ді құрайды.


Паразит түрлері болса негізінен жануарлардың, жәндіктердің, түрлі 
өсімдіктердің, тіпті адамдардың денесінде мекендейді (мысалы, аскарида) яғни 
сапробиотикалық тіршілік етеді. Бұл түрінің ұзындығы 20 см-ден басталып 8 м-
ге дейін жетеді (кашалот нематодасы).[3] 
3. 
Дене құрылысы  
Аталып отырған ағзалардың қүрылысында бірқатар ерекшеліктер бар: 
• 
Жұмыр құрттарда тыныс алу жүйесі жоқ, ал дем алу процесі құрт 
денесінің барлық беткейінде жүреді немесе анаэробты түрде іске асады.
• 
Сондай-ақ нематодалардың қанайналым жүйесі де жоқ.
Нематоданың сырты қалың кутикуламен қапталып жатады, ал оның астында 
гиподерма және көлденең жолақты бұлшықеттің бір қабаты орналасады. 
Гиподерма ірі эпителийден құралған. Оған қоса құрттардың сыртқы қабатында 
бүртіктер мен томпаюлар бар. Жұмыр құрттардың екі типінде де сыртқы 
кутикула көп қабатты. Бұл өз кезегінде тек сыртқы ортадан қорғаныш қана емес, 
ішкі тургорды қамтамасыз етуші қызмет атқарады. Дене ішіндегі сұйықтық 
сыртқы қабыққа тургорлық күш түсіруінің құрттың қозғалуында алатын орны 
маңызды – қысым арқылы құрт денесі тіктеледі, ал бұлшықет жиырылуы арқылы 
құрт қайта майыса алады. Осы үрдістерді кезектестіре орындау арқылы құрт 
жылжи алады. [1] 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет