|
Орындаған: Кулахметов е қабылдаған: Тулемирзаева А
|
бет | 1/13 | Дата | 18.12.2023 | өлшемі | 94,12 Kb. | | #140601 |
| Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Уланулар мен шағулар кезіндегі диагностика мен жедел көмек көрсету алгоритмі Орындаған:Кулахметов Е Қабылдаған:Тулемирзаева А ОТРАВЛЕНИЯ ОТРАВЛЕНИЯ Жедел уланулар кезінде ауруханаға дейінгі сатыда диагностикалау және көмек көрсету принциптері - Улану немесе интоксикация – тірі ағза мен удың арасындағы байланыс нәтижесінде дамитын патологиялық жағдай.
- У – адам ағзасына экзогенді, сыртқы ортадан минимальді дозада еніп, денсаулық бұзылыстары немесе өлімге дейін әкелетін зат.
- Уланудың жіктемесі 3 негізгі принциптен тұрады: этиопатогенездік, клиникалық және нозологиялық.
- Этиопатогенездік түрлері: кездейсоқ және қасақана (қылмыстық және суицидтік), өндірістік және тұрмыстық.
- Клиникалық түрлері: жедел, жеделдеу, созылмалы.
- Ауырлық дәрежесәне байланысты: жеңіл, орташа дәрежелі, ауыр, өте ауыр, өлімге әкелетін
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ - Клиникалық ағымында екі сатыны ажыратады:
- Токсикогенді сатысы – әсер етуші зат ағзада арнайы уытты әсер ететіндей мөлшерде болады.
- Соматогенді сатысы – уытты агентті жою немесе ыдыратудан кейін дамиды және жүйелердің, мүшелердің қызметі мен құрылымының бұзылысымен көрінеді
- Жедел уланулардың клиникалық ағымы негізгі клиникалық синдромдармен көрінеді:
- Жүйке жүйесінің зақымдалу синдромдары – уытты энцефалопатия мен нейропатиялар.
- Сопор мен кома: ажыратпа диагностика көрсеткіші ретінде көз қарашығының көлемі тексеріледі — миоз, мидриаз.
- Психомоторлық қозғыштық, құрысу синдромы.
- Интоксикациялық психоз, делирий.
- Ауырсыну синдромы – күйдіргіш улармен уланғанда.
- Шеткерлік нервтердің улы зақымдалулары – улы полиневриттер, бас ми нервтерінің невриті, т.б.
Тыныстың бұзылу синдромары. - Тыныстың бұзылу синдромары.
- Тыныстың тоқтауына дейін әкелетін тыныс тереңдігі мен ырғағының тежелуі (неврогенді генезді).
- Аспирациялық-обтурациялық бұзылыстар (құсық массаларының түсуінен, күйіктер, ауаның түтінденуі, бронхоспазм мен бронхорея нәтижесінде).
- Өкпенің уытты ісінуі.
- Уытты пневмония.
- Жүрек-қан тамыр жүйесінің зақымдалу синдромдары.
- Экзоуытты шок – жедел жүрек-қан тамырлық жеткіліксіздік.
- Уытты миокардиопатия мен миокардиодистрофия – ишемиялық бұзылыстар, ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылыстары.
- Жүректің тоқтауы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|