Болашақта молекулалық генетиканың жетістіктерін тек тұқым қуалайтын ауруларды ғана емес, қатерлі ісік және созылмалы вирустық инфекция ауруларын емдеуде қолдану көзделіп отыр. Мысалы, осы күні меланоманы емдеуде лимфоцитті пайдаланады, себебі, зақымданған органға лимфоцит енгізу — жақсы нәтиже беруде. Қазақстандағы медициналық генетика саласындағы зерттеулер 20 ғасырдың басынан басталады. Қазір медициналық генетикамен Ана мен баланың денсаулығын қорғайтын ғылыми-зерттеу орталығы, ҚазҰМУ, Ақмола, Семей, Қарағанды, Батыс Қазақстан медицин академиялары, Жалпы генетика және цитология, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институттары, тағыда басқа мекемелер шұғылданады.
Пайдаланылған әдебиет тізімі.
Жимулев И. Ф. Жалпы және молекулалық генетика [Текст] : оқу құралы жоғары оқу орындары үшін
Егорова, Т. А. биотехнология Негіздері [Текст] : оқу құралы№
Глазко, Валерий Иванович. Жалпы және молекулалық биология, Жалпы және қолданбалы генетика, селекция, ДНК-технология және биоинформатика бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі
Бокуть, Сергей Борисович. Молекулалық биология: генетикалық ақпаратты сақтаудың, қайта шығарудың және іске асырудың молекулалық механизмдері