Орындаған: Макенбаев Нұрдаулет Топ: жмк-211 Қабылдаған


Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі



бет4/8
Дата10.12.2023
өлшемі55,75 Kb.
#135913
1   2   3   4   5   6   7   8
Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі
Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясының негізгі идеялары іс-әрекет бағыты дамуының ағымы ретіндегі гылыми мұраларын талдау В.В.Давыдов, Л.С.Радзихов, Н.Ф.Талызина зерттеулерінде неғұрлым толық ұсынылған. Олар Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығында іс-әрекет басты орын алатынын және «…өзінің мәні бойынша бұл психологиялық теорияны іс-әрекет бағыты аясындағы толыққанды бағыт ретінде қарастыруға болатынын көрсетті». Олардың пікірінше, іс-әрекет бағыты ретіндегі Л.С.Выготскийдіц теориясының негізгі идеяларына мына жағдайларды жатқызуға болады:
Адамдардың практикалық іс-әрекетінің психология үшін маңыздылығы;
Сананы еңбек іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастыру;
Психикалық процестердің (олардың генезисі мен адамзаттың тарихи дамыған құралдық, заттық-практикалық іс-әрекетінің себептендіруі туралы теориялық жағдайларды жасау. Л.С.Выготскийдің атап көрсетуінше, психика еңбек іс-әрекетімен себептендіріледі және заттық-практикалық іс-әрекет психиканы себептендіретін ақиқат болып табылады. Психиканың іс-әрекеттік себептерінің тезисі Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығының негізгі түйіні болып табылады.
Психиканың іс-әрекеттік себептенуі туралы тезис мазмұнының нақтылануы. Іс-әрекеттік себептендірілу сыртқы (еңбек) іс-әрекеті мен психикалық қызмет (психологиялық құралдар болжамы) құрылымында ұқсастықтардың болуын жорамалдайды, яғни еңбек іс-әрекеті мән психикалық процесстер құрылымында принципті ұқсастықтар бар: «Еңбек
процесі — психологиялық процесстер», «еңбек құралдары — психологиялық құралдар» ұғымымен ұқсас.
Психикалық қызметтер мен еңбек іс-әрекетінің ұқсастығының құрылымы мен гонозисінле құралдық жанамалану кезеңі қатысады. Себептендірілу онто және филогопез барысындағы жанамалау механизмі
ретінде түсіндіріледі. Себептендіру өткізгіштері — адамның тарихи іс-әрекетінің өнімдері, белгілік, коммуникациялық жүйе сияқты психологиялық құралдар болып табылалы.
Іс-әрекетте тарихи дамушы адам психикасының генезисі мен құрылымының лоторминациясы жанама сипатқа ие, белгілер — жанамалау механизмдерінің бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет