Орындаған: Мамедова Балғын Тобы: жби-212 Қабылдаған



бет2/3
Дата03.12.2023
өлшемі76,14 Kb.
#133637
1   2   3
Қорытынды
Тамыр — тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңірген, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган. Тамырда геотропизм, гидротропизм, термотропизм, хемотропизм процестері де кездеседі. Көптеген тамырдың тағамдық, шаруашылық үлкен маңызы бар, оларда крахмал, қант, май, алколоид, бояу заттары болады. Медицинада, өнеркәсіпте және табиғатта құм, жыра-сай беткейін бекітуге пайдаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстанның пайдалы өсімдіктері / Д. Қ. Айдарбаева. – Қарағанды : Ақ Нұр, 2014
2.Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы пәнінен зертханалық жұмыстар бойынша оқу- әдістемелік. Түркістан , 2015 З. А. Талханбаева.
3. Ботаникадан оқу-далалық практикасына арналған оқу құралы Ә. Әметов, А. Ж. Чилдибаева, Б. М. Тыныбеков. - Алмты : Қазақ университеті, 2013
4. Төмендегі сатыдағы өсімдіктер систематикасының практикалық жұмыстары мен тест сұрақтары. / О. Абдурахманов, А. О. Абдурахманова. - Қарағанды : Ақ Нұр, 2013.
5. Өсімдіктердің молекулалық тіршілігі: Оқулық . т.1 / Р. Джонс, Х. Оэм, Х. Томас, С. Воланд. - Алматы : Willey-Blackwell, 2016
6.Өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы пәнінен зертханалық жұмыстар бойынша оқу-әдістемелік құралы. / З. А. Талханбаева. - Түркістан : Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, 2015.

Термин сөздер
Тамыр – өсімдіктің жер асты мүшесі.
Камбий-құрылым ұлпасындағы жасушаның бірқатарлы қабаты.
Негізгі тамыр-тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды.
Жанама тамыр - негізгі тамырдың жан – жағынан өсетін тамыр.
Қосалқы тамыр - жапырақ, сабақ, тамырдан дамитын тамыр.
Түйнек – өзгерген сабақ, өсімдіктің бір не бірнеше сабақ буыны аралығынан дамиды.
Өркен - жапырағы мен бүршігі болатын, бұтақтанбаған жас сабақ.
Шашақ тамыр - негізгі тамыры нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі
Мезодерма - ортаңғы ұрық жапырақшасы.
Эндодерма – ішкі қабат.
Флоэма - өсімдікте органикалық заттарды тамырға жеткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа.
Ксилема - жердегі тамырлы өсімдіктердің негізгі су өткізгіш ұлпасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет