Орындаған: Мантай Алмас Қазақ халқының рухани мәдениетінің қайнар көздері. Жоспар


Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің әсері



бет2/4
Дата21.04.2022
өлшемі48,49 Kb.
#31715
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақ халқының рухани мәдениетінің қайнар көздері

Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына қазақ ойшылдары философиялық идеялары мен ілімдерінің әсері.
Қазақстанның тәуелсіздікке ие болуы қазақ халқының ұлттық санасының күрт өсуіне әсер етті. Ол сонымен бірге одан өткен тарихын жан-жақты ұғынып, оны қайта зерделеуді талап еткені де анық. Өйткені бұл сол кездегі күрделі өзгерістер заманында заңды түрде күн тәртібіне шығарылған ауыр да өткір мәселелердің қатарына жатты. Себебі егемендікпен қатар халыққа жаңа ұлттық бірегейлік қалыптастыру үшін тарихи өзіндік жеткіліктілігін дәлелдеу де керек болды. Алғашында тарихымызды терең зерделеуде кәсіби көзқарас жетіспеді. Тарихқа деген қоғамдағы сұраныстың жоғарылылығы, оған кәсіби мамандардан бөлек тарихқа қызығушылық танытқан, әуесқой тарихшылар да қалам тартты. Онда аңыз да, ақиқат та болды. Бірақ осымен бірге дүниеге жаңа ғана келген жас тәуелсіз мемлекеттің азаматтарының жартысынан астамы Кеңес Одағын аңсаса, солардың бір бөлігі өздерін КРСО-ның азаматы санаған кезді де басымыздан өткердік. Бұл мемлекеттілік мәселесінің сынға түскен уақыты болатын.
Әрине, қазақ халқы тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін тарихи дамудың белгілі бір кезеңдерінен өтіп, этникалық және ұлттық тұрғыда өзінің мән-мағынасын, өзіндік ерекшеліктерін, өмір мен қоғамдағы өзінің алатын орнын нақты түсіну деңгейіне көтерілді. Яғни, ол этникалық әлемде өзін және басқа этностарды ажырататындай этникалық сана-сезімге ие болды. Осының негізінде олар тайпалық пен ұлыстықтан да күрделірек ұлттық сана-сезім деңгейіне көтерілді. Оның күрделілігі бір-біріне бағынышты этникалық, діни, әлеуметтік-саяси және тағы да басқа құрылымында болды.

Бұл үдеріс мемлекеттіліктің пайда болуымен тығыз байланысты болғандақтан, ұлттық сана-сезім мәселесінің мәдениеттің феномені ретіндегі өзектілігі арта бастайды. Өйткені, әрбір ұлттың мәдени мұрасы олардың төл тарихи тамырларына негізделеді. Алайда, КСРО ыдырағаннан кейін халыққа күшпен таңылған қос стандартты жалған мәдени мұра ұлттық сана-сезімнің пәрменіне деген көңілді көншіте қоймады. Себебі осыған дейін азаматтар арасында мақтаныш сезімін тудырып келген өмірге көзқарас келмеске кетсе, ендігі жерде оның орнында бос кеңістік пайда болды. Ол ұлтаралық қатынастар мен экономикалық байланыстардың күйреуі сияқты әртүрлі келеңсіз жағдайларға әкеліп соқты. Осының нәтижесінде туындаған қарама-қайшылықтар бітпейтін және ұлттың орны толмайтын мәдени көкжиегінің жоғалуына дейін әкелуі мүмкін еді. Ол өзінің кері әсері жағынан мәдени құлдыраумен тепе-тең болды. Нәтижесінде, ұлттың рухани-зияткерлік әлеуеті әлсіреп кетті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет