Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Сұраныс және ұсыныс теориясы
Орындаған:Райстанова А.
ИС-903
Тексерген:Қуантқан Б.Қ.
Семей 2020
Кіріспе
Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың бағадан тысфакторларының ықпалынан өзгеруі.
Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығығ ұсынысқа бағадан тыс факторларының ықпалынан өзгеруі
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы. Нарық тепе-теңдігі
Икемділік ұғымы. сұраныс пен ұсыныс икемділігі.
Кіріспе
Сұраныс пен ұсыныс бүкіл нарықтық экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басқы тұтқа. Наық, өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді. Әр экономикалық жүйе негізгі 3 сұраққа жауап береді:
Көптеген тауарлар мен қызмет қаншама мөлшерде, не өндіру керек.
Қоғамның өндіріс факторларын қалай пайдалану керек.
Нарық дегеніміз-сұраныс пен ұсыныстың арақатынастығынан көрінеді.
Сұраныс заңы, сұраныс қисығы. Сұраныстың бағадан тыс факторлардың ықпалынан өзгеруі.
Сұраныс дегеніміз-ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктер. Сұраныс белгілі-бір мерзімде, белгілі бағамен сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің мөлшері. Сұраныс – сатып алушылардың нарықта қалыптасқан бағаға және ақшалай табысына байланысты сатып алынатын қажеттіліктері. Сұраныс ұсынысқа қарсы тұратын нарықтың маңызды белгісі.
DEMAND(D)-сұраныс.
SUPPLY(S)-ұсыныс
Тауар баға D+Q S=Q (ұсыныс мөлшері)
Сұраныс заңы бойынша – сұраныс мөлшері мен бағаның арақатынастығы кері, демек, баға жоғарылаған сайын халық кедейленеді, тұтыну азаяды. Және керісінше, сұраныс заңы сұранысқа баға факторыныңәсерлігін білдіреді. Баға өзгергенде сұраныс қисығы да өзгертеді (оңға, солға жылжиды). Сұранысқа әсер ететін баға емес факторлар:
А) Халықтың табысының өзгеруі;
Б) Елдің құрамының өзгеруі;
С) Алмастыруға болатын тауарлар немесе бірінің орнына бірі жүретін тауарлар. Бірінің орнын бірі ауыстыратын тауарларды субститут, ал толықтыратын тауарларды-комплимент деп атайды.
Д) Өкіметтің экономикалық саясаты (мүгедек, жағдайлары төмен адамдарға көмектесу);
Е)Жыл маусымы;
Ж) табиғат апаттары;
З) жарнама,моданың өзгеруі;
Сонымен бағалар өзгергенде сұраныс қисығының бойымен жылжу, қисықтың орны мен көлбеуі өзгермейді. Баға емес, факторлар әсер еткенде сұраныс қисығы орнын өзгертеді. Содан бұрынғы қалыптасқан тепе-теңдік бұзылады.
Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы. Ұсыныстың бағадан тыс факторлардың әсерінен өзгеруі.
Ұсыныс дегеніміз- өндірушілер белгілі бір мерзімде, белгілі бір бағамен нарыққа өндіретін тауарлар мен қызметтердің мөлшері.
Ұсыныс заңы- ұсынысқа да әсер ететін негізгі фактор-баға. Баға мен ұсыныс көлемінің арақатынастығы тіке. Баға өзгергенде ұсыныс қисығыорны мен көлбеуін өзгертпейді.
Ұсыныс қисығы.
Баға емес факторлар:
А) Техникалық жаңалықтардың арқасында өндіріс шығындарының, ресурстар бұлақтарының және түрлерінің, салық саясатының өзгеруі.
Б) Нарыққа жаңа фирмалардың шығуы бағаға байланыссыз ұсынысты жоғарлатады және, керісінше.
С) Табиғат апаттары, саяси және экономикалық тұрақсыздық, соғыстар ұсынысты азайтады. Қорытынды, сонымен, қайткенде де бағалардың өсуі ұсынысты жоғарлатады, бірақ, ол өсудің шегі ар. Нарыққа ұсыныс тым көбейіп кетсе, бағалар төмендейді, белсенді жұмыс істеу ынталары азаяды. Түбінде ұлттық өндіріс дағдарысқа ұшырауы мүмкін
3. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынастығы, нарық пен тепе-теңдіктің қалыптасуы.
Рынокты дамыту барысында сатушылар мен сатып алушылардың өзара бейімделуі іске асырылады.Бұл кезде қажетті ақпараттың тез айырбасталуына көмектесетін бағалар маңызды рөл ойнайды. Олар айырбас шарттарын рыноктық экономикаға қатысушылардың бәрі үшін қарапайым, анық және стандартты түрін жасайды. Тепе-теңдікнүктесін Е-мен белгілейді. (латынның Equilibrium сөзінде)
Тепе-теңдік баға-бәсеке күштер әрекеті нәтижесінде сұраныс пен ұсынысты теңестіруші баға. Тепе-тең бағаны құру- белгілі біруақыт санын қажет ететін процесс. Жетілген бәсеке жағдайында сұраныс бағасының ұсыныс бағасына, сұраныс көлемі мен ұсыныс көлеміне тез өзара бейімделуі жүреді. Тепе-теңдік орнау нәтижесіндетұтынушылар да, өндірушілер де ұтады.
4.Икемділік ұғымы. сұраныс пен ұсыныс икемділігі.
Экономикалық агенттер тарапынан баға өзгеруіне болатын мүмкін реакцияны зерттеуде икемділік маңызды рөл ойнайды. Сұраныс икемділігі бағаға қатысты, бағаның бір процентке өзгеруі әсерінен сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруін көрсетеді. Осы кезде практикалық мәнге абсолюттік шама емес, салыстырмалы шама ие болады. Мысалы, сникерс бағасы 10 теңгеге өсті дегенде,оны байқамау мүмкін емес, себебі бұл сникерс үшін бағаның елеулі өзгеруі болып табылады. Ол сұраныс шамасының елеулі өзгеруін тудырады. Кір жуу машинасының 10 теңгеге өсуі, сатып алушылар үшін іс жүзінде ештеңе өзгертпейді. Сондықтан, баға мен сұраныс шамасының өзгеруі икемділік формуласында абсолюттік емес, салыстырмалы түрде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |