Орындаған: Мантай Алмас Тұлғаның этникалық әлеуметтенуінің ерекшеліктері. Жоспар



бет2/3
Дата30.04.2022
өлшемі22,68 Kb.
#32976
1   2   3
Байланысты:
Тұлғаның этникалық әлеуметтенуінің ерекшеліктері Мантай Алмас

Қазақтың менталитетіндегі «Ел» термині.
Ел — қазақша екі мағына беретін термин:
Ел-мемлекеттің синонимі ретінде қолданылатын термин;

аймақ; физикалық география мен геоморфологиялық түсінік бойынша аумақтардың ірі аймақтық бөліктері, өзіне топ қайталанбайтын жалпылама сипаты болатын аудандаудың бөлігі. Физикалық-географиялық немесе геоморфологиялық түсінік бойынша аймақтың саяси-әкімшілік шекараға тәуелсіз өз шекарасы болады. Аймақ бірнеше физикалық-географиялық провинцияларды немесе облыстарды біріктіреді де, өз алдында аймақтар тобына бірігеді. Физикалық-географиялық аймақтарға Орыс жазықтығы, Орал, Батыс Сібір ойпаты, Орта Сібір таулы үстірті, Оңтүстік Сібір таулары, Кіші Азия, Армян және Иран таулы қыраттары, Апеннин Италиясы, Жерортатеңіздік аймақтар және тағы басқа жатады.



Елтану қазақ халқының ментальдылығын дамыту жүйесі ретінде.
Елтану– белгілі бір елдердің, сондай-ақ ірі аумақтар мен құрлықтардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті, әлеуметтік құрылымы, т.б. туралы мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, кешенді түрде зерттейтін географиялық пән.
«Елтану» елдерді кешенді түрде зерттейтің, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті мен әлеуметтік ұйымдасуы туралы әртүрлі мәліметтерді жүйелейтін географиялық пән болып табылады. Елтануда жекелеген аймақтар, елдер және олардың бөліктері табиғаты, біртұтас аумақтық күрделі жүйе ретінде қарастырылады. Елтанудың басты мақсаты – әртүрлі аумақтарды біртұтас және кешенді сипаттамаларын беру. Елтану зерттеу әдістері, елдер мен аймақтарды оқып – үйренудің теориялық – қолданбалы мәселелері, дүние бөліктеріндегі жеке аймақтардың табиғаты мен шаруашылығы, халықтардың қоныстануының басты ерекшеліктері беріледі.
Ғылым ретінде 20 ғ-дың басында қалыптасты. Оның негізін Н.Н. Баранский қалаған. Ол Елтануды жеке географиялық пән ретінде қарастырды және географиялық ғылымдар арасындағы орнын, интеграциялық мүмкіншіліктерін тұжырымдады. Ауқымы жағынан жан-жақты саналатын дәстүрлі елтанушылық жұмыстармен бірге, зерттелетін елдің маңызды проблемаларына географиялық талдау жасау кеңінен дами түсті. Осындай проблемалық зерттеу географияның құрылымдық бағытымен, аумақтық жоспарымен және табиғатты болжаумен тығыз байланыста болады. Проблемалық бағдарлау Елтанудың әдістемелік маңыздылығы мен дамуына кең мүмкіндік береді, сонымен қатар оның әдістемелік базасының дамуына жағдай жасайды. База географияға жүйелік әдіс енгізумен тығыз байланыста болады және зерттелетін проблеманы ғаламдық деңгейде қарауын қадағалайды. Елтанудың өзара байланысын дүниежүзілік шаруашылық географиясымен тығыз байланыстырып, оған болжамдық бағыт береді. Қазіргі кезде Елтану 2 салаға бөлінеді: 1) ақпараттық Елтанудың міндеті – елдер мен аудандарға байланысты мәліметтерді жүйелеу; 2) ғылыми Елтану – географиялык синтезге сүйене отырып, әлемнің географиялык бейнесін қалыптастырады.

Діл (менталитет) құндылық бағдарды, қағидаларды, уәждерді, қажеттіліктерді және т.б. бейнелейтін жеке және топтық сананың деңгейі мен ерекшеліктерінің жағдайын сипаттайды, қазіргі уақытта ұлттық және тұлғалық ділдің мәнін зерттеудің қажеттілігі туындауда. Ділдің мәнін әлеуметтік-топтық көзқарас тұрғысынан қарастыруда, оның бұқаралық, пролетарлық, буржуаздық, бюрократиялық және т.б. түрлерін бөліп көрсетуге болатыны байқалады.


Философиялық әдебиеттерде менталитет – белгілі бір дәуірдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдардың түсініктерінің, көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, қоғамның тарихи және әлеуметтік үдерістерге ықпал ететін психологиялық құрылымы; психологтардың көзқарасынша, менталитет адамдардың психологиялық өмірінің ерекшелігі ретінде сол қоғамдағы білім мен діни сенім және басымды қажеттіліктерге негізделген ой-пікірлер, бағалау, нормалар мен ақыл-ой шабыттарының жүйесі арқылы ашып көрсетіледі.
Діл (менталитет) этнос (халық, тайпа, ұлыс, ұлт), мәдениет, дін, ғылым, өнер сияқты құрауыштардың күрделі үйлесуінен өседі, яғни қашанда күрделі интегративті және біртұтас сипатқа ие. Бұл құрауыштардың жинағы индивидтің жете ұғынуынсыз соқыр сезім деңгейінде іске асырылады. Осының салдарынан индивидтің өмірі мен іс-әрекетінің маңызды және жалпы сәттеріне тиісті жиынтықтар пайда болады. Зерттелініп отырған ұғымды біржақты талдау өте күрделі. Бірақ, біздің пікірімізше, мұнда адамның қоршаған ақиқат шындыққа көзқарастар жүйесі туралы сөз болып отыр, халықтың менталитеті оның дүниетанымдық ұстанымын көрсетеді және тұлғаның менталитетін қалыптастырудың негізі болып табылады.

2. Діл «адамның санасында стратегиялық өмірлік мақсаттар мен жалпы дүниетанымдық бағдар ретінде мойындалған құндылықтардың бейнеленуі» деп есептелетін құндылық бағдардың негізі болып табылады.

Ұлттық діл тұлғада ізгілік, адамгершілік, абырой, еңбексүйгіштік, ұжымшылдық, елжандылық, табиғатқа ұқыпты қарау, көркемөнер құндылықтарына зерек болуға қабілеттілік секілді базалық қасиеттерін қалыптастыруға қабілетті.

3. Ұлттық ділдің қалыптасу үдерісі келесі:

- географиялық,
- мәдени,
-экономикалық,
- қоғамдық-саяси факторларға байланысты.Кез келген халықтың ділін қалыптастыруда халық мекендеген географиялық, табиғи орта ерекше маңызға ие болған. Қазақтың кең даласы дала адамының жан дүниесін, оның өмір сүру салтын қалыптастырды.
Ұлттық және тұлғалық ділдің мәнін түсіну үшін ұлттық мәдениетті халықтың тарихи дамуы барысында жинақтаған рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы ретінде білу қажет. Ашықтық, достық, қонақжайлылық, кексіздік және т.б. қазақ ұлтының ментальдық қасиеттері болып табылады.Қазақтардың жетекші этникалық дәстүрінің бірі өзінің шыққан тегін білуі болып табылады, оларға барлық уақытта өзінің генеалогиялық өзегін, көшпенділерге тән болған өзінің ұрпағын жалғастыруға талпыныс, өз қауымының салты мен дәстүрін дамыту тән. Көптеген отбасыларда ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға берілетін жәдігер, мұра (реликвии) сақталған. Сондықтан бала жас кезінен өзінің ата-бабалары мен өзінің ататегіне құрметпен қараған. Қоғамды дамытудың мақсаты ұлттық идеяда көрініс табатын, халықтың түпкі қызығушылығынан, ұлттық мәдениетінен туындайды.
Ұлттық рух – ұлттық нақтылықтың сапалық күй-жайының жинақталған нәтижесі. Үнемі төмендету, тәуелділік пен көнгіштікте болған халықтың рухы жоғары болмайды. Ұлттық рух – жеке батырлар мен халықтық ержүрек жауынгерлердің ер мінезді қасиеттерінің (ар, намыс, ұят, абырой) жиынтығы емес. Ал экстремальдық жағдаятта ұлттық рух магиялық, сиқырлы күшке енеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет