Орындаған: Мантай Алмас
Тұлғаның этникалық әлеуметтенуінің ерекшеліктері.
Жоспар:
5.1 «Діл» ұғымының мәні.
5.2 Қазақ халқының ділі және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар.
5.3 Қазақтың менталитетіндегі «Ел» термині.
5.4 Елтану қазақ халқының ментальдылығын дамыту жүйесі ретінде .
5.5 Қазақ халқының, Қазақстан халқының ментальдылығын дамытудың заманауи аспектілері.
«Діл» ұғымының мәні.
«Діл» ұғымының мәні. Көптеген гуманитарлық ғылымдар соңғы жылдары қазіргі әлемнің объективті себептермен өзгеруін қамтамасыз етумен «ментали-тет» ұғымын өздерінің ғылыми айналымына енгізді.
Адам өмірінің барлық саласындағы жаһандық өзгерістер, мемлекетаралық және тұлғааралық қатынастардың шиеленісуі адамдар арасындағы келісімнің жолдары туралы ойластыруға мәжбүрлейді. Бұл ең алдымен тұлға рөлінің, оның жеке ерекшеліктерінің және өзара түсіністік, сыйластық негізінде практикалық қарым-қатынастарының алмасуының, жеке және жалпы қызығушылықтарының мәнін жаңаша түсінуге қатысты.
Осының барлығы тұлғаға белгілі бір талаптар қояды. Бұл жағдайда егер, балалық шақтан жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық ділге сүйене отырып сипатын анықтауға болатын, әрбір адамда қалыптасатын белгілі бір адамгершілік құндылықтарды меңгерген болса, онда аса тиімді өзара түсініктікке қол жеткізуге болады. Әлемде алдаудың, ұрлықтың, терроризмнің және т.б. бағасын ресми мәлімдейтін халықтың жоқ екенін түсінеміз. Ұлттық діл адамзаттың даму тарихын-да маңызы мен тиімділігі сыннан өткен жоғары адамгершіліктік жалпыадамзаттық құндылықтармен, мақсаттармен қалыптасқан.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы ділдің мәнін тұтастай, соның ішінде, ұлттық ділді нақтылауға баса назар аударуды түсіндіреді.
С. И. Ожегов пен Н. Ю. Шведованың орыс тілі сөздігінде, менталитет «кітаптық» ұғым ретінде бағаланады және «алдымен дәстүрмен, көңіл-күймен, сезіммен тығыз байланысты, эмоционалды және құндылық бағдар, бейне көмегімен әлемді саналы түсіну», - деп анықталады [1].
«Webster» сөздігі «mentality - mental capacity - менталитетті ақыл-ой қабілеті», немесе «mental power» – ақыл-ой күші, қуаты, «mental outlook» - ақылды көзқарас, ақылдың болашағы, сонымен бірге дүниетаным ретінде түсіндіреді. Осы ұғымның мағынасы «state of mind» - сананың күйі деп келтіріледі (Сөздік
«Webster»).
Біз қарастырып отырған тақырып контекстінде «менталитет» – белгілі бір дәуірдегі, географиялық аймақтағы және әлеуметтік ортадағы адамдардың түсі
ніктерінің, көзқарастарының, сезімдерінің жиынтығы, қоғамның тарихи және әлеуметтік үдерістерге ықпал ететін ерекше психологиялық құрылымы»,- деген философиялық әдебиетте берілген анықтама аса маңызды болып табылады.
Қазақ халқының ділі және оның қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Қазақ халқының ұлттық мінезі ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне, табиғатына, тарихи жағдайларына байланысты дамып, қалыптасқан. Айталық, қазақтың ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі халқымыздың бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырды.Содан, отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірді де. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай жасалынған. Осы бір қадір-қасиеттер жас ұрпақтың бойына сіңіп, ұлттық идеологияның қалыптасуына негіз болды. Осы тұста, «Қалыптасып, халықтық әдеп-әдетке айналған – ұлттық мінезге заман лебі әсер етпей ме?» деген сауал туындайды. Жалпы, ұлттық мінез дегеніміз не, ол қалай, қандай себептерменен қалыптасады?
Онда ұрпақтан-ұрпаққа ұласқан тектік-қандық (гендік) қадір-қасиет бола ма? Бұл мәселелер ғылыми- теориялық жағынан қалай зерттеліп, зерделенілген? Міне, осындай сауалдардан соң, сөз жоқ, «Қазақтың ұлттық мінезі және менталитеті қандай?» деген мәселенің туары анық. Осыған орай, «Келелі кеңестің» кезекті отырысына халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовті, академик Асқар Жұмаділдаевті, профессор Жақан Молдабековті, дінтанушы Құдияр Біләлді, «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаткер Дос Көшімді, саясаткер, психолог Жарас Сейітнұрды, «Ақиқат» журналының қызметкері Әбдірашит Бәкірұлын шақырған едік. Назарларыңызға сол отырыста айтылған ой-тұжырымдарды ұсынамыз.
– Хәкім Абай 39-қара сөзінде ата-бабаларымыздың «…бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен…Олардың бірі- – көсемге бағынып, дүйім елдің көсегесін көгерту. Ал, екіншісі – намысқойлық» десе, Аймауытов пен Әуезов «…жақсының сиреген кезінде күші кетіп, мынадай соққы жолықты қазаққа. Қазақтың ұлттық қалпы өзгерілді. Тірлігі, мақсұты басқа, ниеті шалағай, суықбауыр, жаттық қолына тиді», – дейді. Ендеше, біз қозғағалы отырған мәселе, ұлы Абайдан бастап бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен бір түспеген екен. Осыған орай, Сіздерге «Қазақтың ұлттық мінезі мен менталитеті қандай?» деген сауал қойғымыз келеді. Қабдеш Жұмаділов:
– Менталитет деген бұл қазақтың мінез-құлқы, ұлттық сипаты деген ұғымға саяды. Меніңше, заман өзгерген сайын, ұлт та, ұлттың мінез-құлқы, менталитеті де өзгереді. Мысалға, 1916 жылы империяға қарадық. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында қазақтардан адам аламыз дегенде, қазақтар адам бермейміз деп асаулық танытты. Талай көтерілістер болып, біразы кетті. Бірақ, әскер бермейміз деген ұрық қалды. Арада 25 жыл өтті. Ұлы Отан соғысына бармаймыз деп айтуға қазақтың шамасы келмеді. Себебі, қазақтың рухы өзгерді. Бұнда жиырма бес жылдық коммунистік тәрбие де бар. 1932 жылғы аштық, 1937-38 жылдардағы репрессия, міне, осының бәрі қазаққа әсерін тигізді. Бұлар қазақтың омыртқасын үзіп жіберген нәрселер. Міне, менталитет те осылай өзгереді. Арада ғасыр емес, 25 жыл өткенде, халықтың мінезі, тағдыры осылай өзгеріп, жуасып, жасиды екен.
Достарыңызбен бөлісу: |