Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық Университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Концепт
Концепт дегеніміз не?
Концепт дегеніміз не?
Концепт- адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде оған: «жадының, ментальді қордың, тұжырымдау жүйесінің әрі адам санасында көрініс табатын бүкіл әлемнің мазмұнды да белсенді бірлігі» деген анықтама берілді.
“ “ Концепт сөзіне ғалымдар тұжырымдамасы: Қазақ тіл білімі зерттеушілерінің арасында да концепт мәселесіне терең зерттеу
жүргізіп, анықтама ұсынғандары бар. Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет
мәнмәтінінде қарастырған А. Исламның пайымдауынша:
«Концепт дегеніміз – ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік. Әр ұлттың концептілер жүйесін дүниетаным құндылықтары құрайды. Концептілер бір-бірімен тығыз байланыста болып, бір-бірінен туындап отырады. Әр қоғамның даму кезеңдерге сәйкес тіл мен мәдениет иелерінің абстрактілі концептілерді танып түсінуінде өзгерістер болғанымен, негізгі мәдени, дүниетанымдық мәні өзгеріссіз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады» Концепт бір сөздің беретін ұғымы, түсінігі емес, күрделі семантикалық бірлік. Ол тілдік бірліктердің қандайын болса да (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, дискурс) белгілей алатын, семантикалық
өріс ретінде де көрініс беретін мағына.Онсыз ол концепт
деңгейіне көтеріле алмайды.
Концепт санада белгілі бір концептілік жүйе арқылы қалыптасады. Концептілік жүйе иерархиялы (сатылы)
құрылымнан тұрады: 1) дүниенің қасиеті, белгілері
(сенсорлы перцептивті қабылдау); 2) когнитивтік модель (ассоциация, бейне, символ, этикет, эталон, стереотип
формаға ие болуы); 3) концепт типтері (фрейм, сценарий скрипт, схема, ойсурет формасына салынуы);
4) дүниеніңтілдік бейнесі (метафора, фразеологизм, сөз, сөйлем, поэтикалық мән)»
Ал концептілік құрылым жөнінде М.Джекендофф: «Әрбір адамның ми қыртысында қабылданған ақпараттар белгілі бір ұғым төңірегінде шоғырланады. Ол көру, есту, сезу қабілеттері арқылы қалыптасып тілде көрініс табады. Ұғым шоғырына кейде ойша салыстырудан туындаған ақпараттар да енеді»,-деген тұжырым ұсынады. Р. И. Павиленис:«Адам тілдік көрінісін іздемес бұрын сол дүниені өзінің сезімді қабілеттері арқылы танып алады. Танымында қалыптасқан дүние туралы ақпараттардың ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын санада сұрыптайды. Дүние туралы ақпаратты меңгеру әрбір тұлғаның өзіндік талдап жүйелеу базасында қалыптасады. Осындай әрекеттер нәтижесінде пайда болған ұғым ақпараттарының құрылымын концептілік тақырып деп атаймыз»,-деген тұжырым жасайды. Ш.Елемесова «концепт» термин түсінігін үш топқа бөліп жүйелейді:
1. Концепт ұғымға синоним ретінде қолданылады.
2. Концепт – тіл иесі халықтың жеке тұлғаның (индивидуалдық)
және ұжымдық санасындағы ұғымдардың орнын алмастырушы.
3. Концепт салт-дәстүр, ауыз әдебиеті үлгілері, дін мен идеология,
адамның өмірлік жеке тәжірибесі мен мәдени маңызды құндылықтар жүйесінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын
«әлем бейнесінің» ментальді құрылымын көрсетеді
Ғаламның тілдік бейнесінің концептілердегі көрінісін тілдің лексикалық қабатының
негізінде кең көлемде тануға болады. «Ғаламның тілдік бейнесі» концептілердің бойында
көрініс табады. Концептінің беретін түсінігі тек тіл арқылы ғана емес, сонымен бірге тілдік емес құралдар (сезім секілді) негізінде танылады деген қағидалар да баршылық.
Б.Жұмағұлованың пікірінше: «қарапайым дүние бейнесі мен ғылыми дүние бейнесінің
шекараларын анықтау мәселесі концепт ұғымының пайда болуына және дамуына ықпал
жасады. Бұл термин тіл білімінде логикадан алынған» дегенді айтады.
Концепт түрлері:
Метафизикалық (жан,өмір,өлім,тағдыр,
Жалғыздық,махаббат)
Ұлттық-мәдени (дала,көш,домбыра,қамшы)
Эмоционалдық (қуаныш,қайғы,бақыт,мұң)