Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны Білімнің мазмұны-оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде оқушылардың ақыл-ойы, қабілеті дамиды, ғылыми-материалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады. Мектеб халық шаруашылығының әр түрлі саласына белсенді, қызметке қабілетті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлғаның Жан-жақты үйлесімді дамуына бағытталуы тиіс. Осы талаптардың негізінде мынандай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет: Оқушыларды білммен қаруландырудың табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі. Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени тарихи байлықты жалпы азаматтың мәдени мұрасымен ұштастыру. Пәнаралық және пәншілік байланыстарды ғылыми-әдістемелік негзде жүзеге асару.
Білім мазмұнында әлеуметтік- экономикалық жолдарын ескерудің маңыздылығы. Қазіргі үдемелі ғылыми-техникалық жағдайда ақпаратты технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту. Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс: Табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағыбілімді қалыптастыру; Диалектикалық-иатериалистік көзқарастары тәрбиелеу ; Адамды Жан-жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу; Жастарды өмірге,еңбекке, мамандық таңдауға даярлау;
Білім берудің мазмұнын анықтаудың ғылыми-педагогикалық негізі:білім беру жәнеоның мазмұны туралы жалпы ұғым, мектеп тарихындағы білім мазмұнының мәселелері мен педагогикалық ой-пікірлер; кеңесмектептерінің даму мен қалыптасу дәуәрәндегі білім мазмұнын құраудың негзгі кезеңдері; жалпы адамзаттық мәдениетмәдениет; әлеуметтік тәжрибе білім берудің негізгі құрамын анықтаудың негізі ретінде. Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама: табиғат, қоғам, техника, адам, іс-әрекет қабілеті туралы білім негіздері; алынған білімге сезімдік-құндылық қатынасын тәрбиелеу. Жалпы политехникалық, кәсіби білім берудің өзара байланысы. Білім мазмұнындағы пәнаралық байланыстың мәселелері. Оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктері, оларды білім берудің мазмұнын айқындауды ескеру.Қазіргі мектептегі білім беру мазмұнын анықтау мәселелері. Білім беру мазмұнын сұрыптаудағы шығармашылық қатынас. Ұлттық мектептердегі білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
Білім беру мазмұынын айқындайтын құжаттарға сипаттама: оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары. Шетел мектептеріндегі білім берудің мәселелері. Білім беру мазмұны – оқушыларды жан – жақты дамыту, ақыл–ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі. Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде “нені оқыту керек” сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан–жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындайды. Сонымен, бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады. Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық қажеттіліктеріне сай қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік – экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетістіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқырып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда. Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек. Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.