Кәсіпкерлік құқықтың басты қағидалары және олардың сипаттамалары
Орындаған:Матайбаева Б
Тексеру: Умбеталиева А.Д
Алматы 2023 жыл
Қазақстанда экономикалық жаңғыртулардың, жекешелендірулердің, монополизациядан шығу үрдістерінің жүзеге асырылуы экономика және оны басқару аумағындағы қатынастарды реттеуші заңнамалардың жаңартылуына ғана әкеліп қойған жоқ, сонымен қатар, айналымға кәсіпкер, кәсіпкерлік қызмет, тауарлар нарғы және т.б. түсініктерді енгізді.
Нарықтық қатынастарға көшу, экономиканы мемлекеттік реттеудің түбегейлі өзгеруі, құқықтық реттеуде заңның рөлін күшейтуді, кәсіпкерліктің әртүрлі ұйымдық құқықтық нысандарының теңдігіне негізделетін, кәсіпкерлік қызметтің жаңа құқықтық негізін қалыптастыруды қажет етті.
Экономикада мүліктік қатынастарды реттеуде негізгі маңызға азаматтық құқық ие болды. Нарықтық экономика саласының мәндері бойынша бір тектес емес, алайда, бір - бірімен тығыз байланыстағы қатынастардың: тауар-ақша (мүліктік) және басқару жөніндегі маңызды екі түрі ажыратылады.
Кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы тауар-ақша қатынастарының негізінде тараптардың заңды теңдігі жатқаны мәлім. Олардың құқықтары мен міндеттері негізінен азаматтық-құқықтық шарттардан туындайды.
Басқа құқық салалары сияқты кәсіпкерлік құқықта өзінің реттеу пәніне ие. Кәсіпкерлік құқықтың реттеу пәні ең жалпылама түрде кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру барысында орын алатын қоғамдық қатынастар ретінде анықтауға болатын кәсіпкерлік қатынастар болады. Кәсіпкерлік қатынастардың ерекшелігі – бір мезгілде олардың азаматтық-құқықтық, қаржылық және өзге де құқықтық қатынастар бола алатынындығы. Кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыру барысында әрқилы сипаттағы құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін. Бұл – азаматтық-құқықтық та, әкімшілік-құқықтық та, қаржылық-құқықтық және де өзге құқықтық қатынастар. Бұлардың бәрін кәсіпкерлік әрекет аясында қалыптасқаны біріктіреді, сондықтан олар құқықтың кешенді саласының шегінде бірегей болады.
Нарықтық экономиканың қазіргі уақыттағы даму жағдайында құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуші рөлі айтарлықтай өзгеруде. Экономикалық қатынастарды реттеудің жаңа құқықтық құралдары мен тәсілдері пайда болуда, олардың кейбірі өзгеріп не жойылып кетуде. Нәтижесінде, қатаң орталықтандырылған реттеу тәсілдерінің орнына жанама, ынталандырушы сипаттағы тәсілдер кірісуде.
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз – қоғамдық қатынастарды, яғни тауар - ақша және өзге де мүліқтық қатынастарды сондай-ақ мүліқтық қатынастарға байланысты (байланысты емес) мүліқтық емес жеке қатынастар реттейтін ҚР құқық салалардың бірі
Кәсіпкерлік құқықтың пәні:
Тауар- ақша қатынастары;
Мұліқтіқ қатынастар (мұліқ беру жұмыс, қызмет, ақша, бағалы қағаздар);
Жеке мүліқтіқ емес мүліқтіқ қатынастарға тығыз байланысты
(интеллектуалдық құқық: авторлық құқық, патент құқығы);
Жеке мүліқтіқ емес мүліқтіқ қатынастарға тығыз байланысы жоқ
(Азаматтарының есімі, жеке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройы, қадыр-қасиеті, искерліқ беделі).
Кәсіпкерлік құқықтың эдістемесі
Құқықтың әрбір негізгі саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады.
а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы олардың тауар-ақша және басқа қатынастарына негізделген заңды түрдегі тендігімен сипатталады;
б) азаматтармен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін қөздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады;
в) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану құқығына ие және қорғанудың белгілі бір мүмкіндігің тандауға еріқті