Орындаған: Мәдіханова О. П. Сынып: 5 «Ғ» 2022-2023 оқу жылы Тақырыбы



бет1/3
Дата19.01.2023
өлшемі20,6 Kb.
#61995
  1   2   3
Байланысты:
«Әке – дана қорғаның»


«№136 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік көммуналдық кәсіпорыны

Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Әке – дана қорғаның»
Орындаған: Мәдіханова О.П.
Сынып: 5 «Ғ»
2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: «Әке – дана қорғаның»
Күні: 05.09.2022
Мақсаты:
Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру жұмысы (сынып оқушыларының тәрбие сағатына дайындықтарын қадағалау)
ІІ. Кіріспе.
ІІІ. Әдеби - монтаж.
ІҮ. «Әке - асқар тауым!» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді)
Ү. Әкелерге балаларына байланысты сұрақтар қою.
ҮІ. «Әке мен бала» (көрініс)
ҮІІ. Қорытынды
Мұғалім сөзі: «Ана - сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім,- дей отырып құрметті әкелерімізге арналған «Әке – асқар тау» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отаға-сының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласа-ды. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғам-дағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспен-шілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана орындайды. Ол адамзатқа адам, қоғамға қызметкер, мемлекетке азамат беруге міндетті. Осынау үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо.
Құрметті әкелерімізге зор денсаулық, жанұяларыңа мол бақыт, еңбектеріңе жеміс тілеймін.
1 - оқушы: Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналған
Бүгінгі той, қуаныш пен мереке.
Ән: «Әкем - әнім»
2 - оқушы: Әкем менің асқар тауым, тірегім,
Бәрінен де сен қымбатсың білемін.
Қанат қағып кетсем алыс қияға,
Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім.
3 - оқушы: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, әкелер,
Балаларың төге берсін мерейін.
4 - оқушы: Есімде бейнесі әкемнің,
Күлімдеп маған қарайтын.
Мен саған талпынсам,
Құшағын жая сап көтеріп алатын.
Ән: «Әке туралы жыр»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет