Орындаған: Мәдіханова О. П. Сынып: 5 «Ғ» 2022-2023 оқу жылы Тақырыбы


- оқушы: Сәулелі сөз сөне ме, Орны бөлек батаның. Бізге тәлім, өнеге – Ақ тілеуі әкенің. 6 - оқушы



бет2/3
Дата19.01.2023
өлшемі20,6 Kb.
#61995
1   2   3
Байланысты:
«Әке – дана қорғаның»

5 - оқушы: Сәулелі сөз сөне ме,
Орны бөлек батаның.
Бізге тәлім, өнеге –
Ақ тілеуі әкенің.
6 - оқушы: Әр сөзінің ақырын,
Жақсылыққа тірейді.
Қадап айтып ақылын,
Көпке бақыт тілейді.
7 - оқушы:Атамның ән - күйі ғажайып,
Әжемнің әлдиі ғажайып.
Анамның мейірімі ғажайып,
Әкемнің пейілі ғажайып.
Осындай жақсы әдет ғажайып
Қалмасын ешқашан азайып.
8 - оқушы: Әкем шытса қабағын -
«Байқа балам» дегені.
Алған көп - ақ сабағым,
Жақсы көрем мен оны.
9 - оқушы: Бойға қуат береді,
«Әй, жарайсың»дегені.
Мен әкемнен әр кезде,
Соны естігім келеді.
10 - оқушы: Ойнаймыз, күлеміз,
Жарқылдап жүреміз.
Әкені сыйлаймыз,
Айтқанын тыңдаймыз.
11 - оқушы: Арайлы ақ тілекпен,
Ән жолдаймын өзіңе.
Сағынышты сазды жүрекпен,
Сыр арнаймын өзіңе.
Мұғалім: Құтты болсын әкежан бүгінгі күн,
Ақ дастарқан, көл көсір думан күнің.
Арамызда, әкетай аман жүрші,
Ақ жүрекпен ақ тілек арнайды ұлың.
Ән: «Әкелер»
Шаршаса да сыр бермеген әкешім,
Сен мен үшін еңбексүйгіш әкесің.
Өзіңде үлгі, ісіңде үлгі ұлыңа,
Кім сүймейді болса өзіңдей әкесін.
«Әке - асқар тауым!» (оқушылардың жазған шығармалары мен өлең жолдарынан үзінді) Дина: «Әке - асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дегендей «Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші!. Өмірде әкесін жақсы көрмейтін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек қой. Менің өмірдегі қымбат, ең қымбат адамым ол - сіз менің сүйікті әкешім. Сіз менің кішкентайдан ақылшым, қамқоршым болдыңыз.


Жанар: Бала үшін әкенің орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. «Әкең барда орындалар арманың» дегендей, өмірдегі керегіңді алдымен бір Алла, екінші әкең берері анық. Бұл дүниеде алуан түрлі тағдыр бар. сол тағдырдың басты себепкері - біз сияқты балалар. Алайда өмірдің есігін көзі тырнап аша салысымен әкенің «Балам, ботам» деген еркелетер сөзін естімей жетім немесе тастанды бала болып дүниеге келіп жатқан сәбилер де бар. Сәби көңіл әкесі тіпті ол ойлағандай жақсы адам болмасада, «Шіркін, менің әкем болса қандай жақсы болар еді!» деп армандайды. Осындай балаларды көргенімде өзімнің анам да, әкем де бар екеніне өзімді бақытты санаймын. Сол бақытымды ешқашан айырмаса екен деймін. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы. Ендеше бар баланың бақытына бір Алладан кейінгі панасы «Әкелер» аман болса екен деймін.
Данабек: Әке. Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. «Әке көрген оқ жонар». Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. қарап отырсақ әкенің де түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады. Барлық адамдар әкені құрметтеуі, қастерлеуі, аялауы, оны өзінен жоғары ұстауы керек. Әке деген
Аршат: Әке, әке, әке! Осы үш әріп мейірімді әрі естір құлаққа жағымды. Иә, солай. Әке бізге әрқашан мейірімді, сабырлы. Алақанымен аялап, әрқашан шуағын шашып күлімдеп, жаман қылық жасасаң ақырын ғана ақыл айтатын - осы әке. Әкені ардақтап, құрметтеп, жаман жағынан емес, жақсы жағынан көрініп риза етуіміз керек. Ренжітпей бізді қалай аялайды, бізде солай аялап қадірлеуіміз керек. Әке әрқашан бізге ыстық, біз үшін әкенің орны бөлек. Әкеміз бізді үлкен болып борышын өтейді деп ойлайды, үміттенеді. біз әкеміздің үмітін ақтауымыз керек. Міне төрт жылдан кейін мектеп бітіреміз. Сонда әкеміз «Міне біздің баламыз мектеп бітірді, үлкен азамат болды, ертең үлкен мамандық иесі болады» деп ойлайды. Ал, ертең мектеп бітіргенде сауатсыз, әрі тәртіпсіз болып шықсаң, онда сенің ата - анаңның үмітін ақтамағандығың. Сен тәртіпсіз болсаң «Оған әкесі тәртіп үйретпеген, өзі кішкентай кезінде солай тәртіпсіз болған» деп айтады. Сен сол арманын ақта. Мен әкемді жанымдай жақсы көремін. Әкем үшін жүрегімді жұлуға, өмірімді қиюға бармын, себебі ол мені өсірді. Менің әкелерге тілейтінім:
Қыстай суық денсаулық,
Жаздай ыстық махаббат.
Күздей шат көңіл,
Көктемдей күлімдеп жүре беріңіздер дегім келеді.
Мұғалім: Менде азамат атанармын өсейін,
Өзің құсап сан түйінді шешейін.
Ұл әкеге тартпай туса қорлық қой,
Қартайғанда менде орныңа көшейін.
Арқа сүйер панасың,
Ақылы мол данасың
Адал етіп өсірген,
Мендей ерке баласын.
оқушы: Баян Қамқорсың әке өмірде,
Қуатым сенсің көңілге.
Әлпештеп мені өсірдің,
Ұшармын ертең көгіңде.
оқушы: Аңсаған Аңсаймын жылы сөзіңді,
Ақылшым болған кезіңді.
Есімде әке сақтаймын,
Асқар биік өзіңді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет