Орындаған: Мейрамғалиева Ақбота Топ: ая-303 Семей 2023-2024 ж



бет1/2
Дата14.10.2023
өлшемі66,27 Kb.
#113917
түріСеминар
  1   2

«ALIKHAN BOKEIKHAN» UNIVERSITY
Гуманитарлық факультет
Филология кафедрасы

3 практикалық (семинар) сабақ.



Тақырып: Мәдениет және өркениет: қарым-қатынас және айырмашылық.


Орындаған: Мейрамғалиева Ақбота
Топ: АЯ-303
Семей 2023-2024 ж.

Мәдениет және өркениет: қарым-қатынас және айырмашылық.


Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады. мәдениет қоғаммен сәйкес келеді де, сәйкес келмейді, өйткені адамның тіршілік әрекеті мен қоғамда табиғи сипаттағы факторлар аз орын алмайды.
Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Мәдениет, әдетте, өркениеттің ішінде болады. Осыған орай, әрбір өркениет бір ғана емес, бірнеше мәдениетті қамтуы мүмкін. Мәдениет пен өркениетті салыстыру - бұл тіл мен оны қолданатын елдің арасындағы айырмашылықты көрсету сияқты.
Мәдениет өздігінен өмір сүре алады, ал егер белгілі бір мәдениетке ие болмаса, өркениетті өркениет деп атауға болмайды. Бұл байланыс ортасын пайдаланбай-ақ, ұлт қалайша өз бетінше өмір сүре алатындығы туралы сұрақ сияқты. Демек, өркениет, егер ол қанша аз болса да, оның мәдениеті болмаса, бос болады.
Ю. Кристева өзінің ресейлік филолог-мәдениеттанушы М. Бахтиннің идеяларын жалғастырушы ғалым екендігін жасырмайды. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының өзінде-ақ М. Бахтин бүгінгі постмодернистік "сахна жұлдыздарының" концепцияларына негіз болған идеяларды айтқан болатын. Мысалы, М. Бахтиннің мына бір жолдарын есімізге алайық: "Барлық белгілер жүйесінің (яғни әрбір "тілдің") құпия сырын ашар өзіндік кілті табылары сөзсіз. Демек, қандай да болмасын белгілер жүйесі басқа белгілер жүйесіне (басқа тілдерге) аударыла алады. Бұдан шығатын қорытынды – белгілер жүйесінің ортақ логикасы бар, яғни тілдердің тілі болып табылатын әлеуетті ортақ тіл бар. Бірақ ол тіл нақты жеке тіл, яғни тілдердің арасындағы бір тіл бола алмайды. Ал мәтін (құрал-тәсілдер жүйесі ретіндегі тілмен салыстырғанда) ешқашан соңына шейін аударыла алмайды, өйткені мәтіндердің мәтіні болып табылатын жалғыз әлеуетті мәтін жоқ. Мәтін өмірінің оқиғасы, яғни оның шынайы мәні қашанда екі сананың, екі субъектінің аралығында орын алмақ"
Ю. Кристеваның пікірі бойынша, шығарманың статикалық құрылымы туралы айту асқан сарабдалдық танытпайды. Ю. Кристева “мағына өндіру” процесіне жіті көңіл аударады. Сонда мәселе тәмәмдалған, аяқталған құрылымдарды зерттеуде емес, сол құрылымдаудың дәл өзінде болып тұр.Мәдениеттің мәтіндік тұжырымдамалары Р. Барт, Ю. Кристева.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет