Орындаған: Молдабек А. М тобы: мнк-211 Қабылдаған


Менеджмент ұғымы мен мәні



бет3/6
Дата16.12.2023
өлшемі81,18 Kb.
#140196
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
менеджмент басқару

1.1 Менеджмент ұғымы мен мәні


«Менеджмент» (ағылшын тілінде — manage) «басқару» деген мағынаны білдіреді. «Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.
Мағынасы бойынша «менеджмент» термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан «менеджмент» ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады. Мысалы, автомобильді және басқа да неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару. Ал «менеджмент» термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаны және қызметшілерді басқаруды сипаттайды.
Басқару (басқару процесі) — мақсатқа жетуге бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент — өзіне міндетті әлемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы. Менеджмент — бұл нарық жағдайындағы басқару. «Менеджмент» түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

  • Менеджмент — бұл әр түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы.

  • Менеджмент — бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы. Бұл ғылыми пән.

  • Менеджмент — басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік табы.

Менеджментке байланысты бірнеше авторлардың анықтамалары бар.
Адамдық қатынастар мектебінің өкілі Паркер — Роллеттің анықтамасы:
Менеджмент — басқа адамдардың көмегімен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету.
Менеджмент — ұйымның мақсатына жетуге және құруына қажетті бақылау, мотивация, ұйымдастыру жоспарлау процестері (Мескон, Альберт, Хедоуридің, Менеджмент негіздері оқулығы).
Фирманы басқарудың теориясы мен тәжірибесі және нарық жағдайындағы оның қызметшілері (Веснин, Менеджмент негіздері).
«Өндірістің тиімділігін жоғарылату мақсатымен болатын принциптер, әдістер, құралдар мен өндірісті басқару формаларының жиынтығы» (1988 ж. шетелдік сөздер сөздігі).
«Өзіне міндетті элемент ретінде, адамдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы (Американдық энциклопедия).
Менеджменттің 3 маңызды факторын байланыстырады — мақсат, тиімділік, адам.
Бәсеке жағдайында тиімділік — фирманың өміршеңдігінің басты шарты. Фирманы табыстылықпен, жетістікпен қамтамасыз ететін тиімді менеджмент адамның бейімділігін талап етеді: сыртқы орта бөлігінде тұтынушының, ал ішкі орта бөлігінде қызметшінің.
Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы мынадай компоненттерден тұрады: стратегиялың менеджмент қызметшілерді басқару (қызметші немесе кадрлық менеджмент), технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржыны басқару (қаржылық менеджмент), материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, жаңартпашылың менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.

  • Стратегиялық менеджмент — басты стратегиялық шарттарды құру және жету. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджментке жатады.

  • Қызметшілерді басқару — маңызды менеджмент құраушысы. Ұйымньң барлық максаттары адамдар арқылы жүзеге асады.

  • Технологиялық процестперді басқаруда машина, аппаратура, механизмдер, сондай-ақ компьютерлер және басқа арнайы құрылғылардың көмегімен адамдар арқылы жүзеге асады.

  • Қаржыны басқаруда кәсіпорынның өндірісті-шаруашылық қызметі қаржыны таратуды тиімділікпен қамтамасыз ету реттеледі.

  • Материалдық-техникалық жабдықты басқару шикізатты, материалдарды, құрал-саймандарды қажетті өнімдермен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

  • Өткізуді басқару сыртқы ортаның мониторингісін қосатын маркетингтік қызмет арқылы жүзеге асады.

  • Жылжымайтын мүлікті басқаруда эксплуатация, сату, сатьш алу, айырбас, жал және жылжымайтын мүлікпен байланысты басқа да қозғалыстар сипатталады.

  • Жаңартпашылық менеджменті дамуды басқару, өзгермелі жағдайдағы ұйымның тиімділігін жоғарылату мен сақтау үшін қажет. Жаңа өзгерістер жоспарланады, ұйымдастырылады, ынталандырылады және бақыланады.

  • Сапаны басқару  нарықтық бәсеке жағдайындағы фирманың бәсекеге тұрақтылығын қолдау үшін міндетті болып табылады.

Басқару — белгілі бір бағыттағы іс-қимылды өзгерту мақсатында ақпарат арқылы бір жүйенің келесі жүйеге ықпал жасауы.
Менеджмент пәні ұйымның мақсаттарына жету мақсатындағы еңбектік, материалдық, қаржылық, ақпараттың ресурстармен басқаруды игереді.
Менеджмент дегеніміз — бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату мен пайданы молайту мақсатында қолданылатын принциптер, әдістер және өндірісті басқару амалдарының жиынтығы.
Менеджменттің міндеті тиімді өндірістік күшке ұйымдастыру үшін адамдарға бағыт беру:

  • Өндірістің автоматтандырылуын және жұмысшылардың жоғары маманды болуын қамтамасыз ету;

  • Қызметшілер жұмысын неғұрлым жоғарғы еңбек-ақымен ынталандыру жөне еңбекке жағдай жасау;

  • Фирма қызметінің тиімділігін бақылау, бөлімшелер жұмысын біріктіру.

  • Жаңа нарықты игеру мен үнемі іздеу;

  • Нақты мақсаттарды анықтау;

  • Мақсаттардың басымдылығын, олардың кезектілігін, шешімдердің дәйектілігін анықтау;

  • Фирманың дамуы стратегиясының шаруашылық міндеті мен оларды шешу жолдарын өндіру.

Нарық жағдайында басқару былайша құрылған:
— Нарықтық сұранысы мен тұтынуына байланысты фирманың бейімділігінде;

  • Өндіріс тиімділігін жоғарылатуға үнемі талпынуында

  • Шаруашылық өздігінде, соңғы нәтижесіне жауапты болатын адамның шешім қабылдау бостандығында;

  • Нарық жағдайына байланысты міндеттер мен мақсаттарды үнемі түзетуінде;

  • Шешім қабылдау кезінде көптеген есептер үшін компьютерлік техниканың қазіргі негізін қолдану қажеттілігінде.

Басқарудың иерархиялық деңгейі көтерілген сайын менеджер стратегиялық және перспективтік мәселелерді шешуге уақытты көбірек жұмсайды. Төменгі деңгейде, керісінше, менеджер уақытының негізгі бөлігін ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсайды.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет