Орындаған: Молдабек А. М тобы: мнк-211 Қабылдаған


Менеджмент ұғымына берілген анықтамалар



бет4/6
Дата16.12.2023
өлшемі81,18 Kb.
#140196
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
менеджмент басқару

Менеджмент ұғымына берілген анықтамалар

Менеджменттің 50 ден астам анықтамасы бар.Соның бірнешеуіне ғана тоқталайық.


Беларус ғалымы Н.И.Кабушкиннің ойынша, менеджмент бұл адамдардың еңбегін, мінез-құлығын және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.
Көрнекті америка экономисті В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша «менеджмент бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы».
Ал біздің Қазақстандық ғалымдарының пікірінше мемлекет қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдермен кәсіби қызметтердің саласы.
Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі: өндірістік менеджмент, кадрлық менеджмент, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджменті, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халыкаралық менеджменті, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б.
Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді:
-менеджменттің жоғары деңгейі. Жоғары деңгейді әдетте «жалпы» менеджмент деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған;
- менеджменттің ортанғы деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған, сондықтан да ол «функционалды» менеджмент деп аталады. Функционалды менеджмент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты;
-менеджменттің төменгі деңгейіне алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орындалуын, өнім өндіру кестесі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.
«Менеджмент» (басқару) ағылшынның сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында дәлірек айтқанда ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атау адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

  1. адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;

  2. билік және басқару өнері;

  3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;

  4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.

Менеджмент ұғымына Э. Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді. Олардың айтуынша: кең мағынада алғанда, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл.
Көрнекті американ экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша : «Менеджмент- бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы».
Менеджменттегі басты нәрсе- өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою. Ескі стильдегі кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің түбегейлі өзгешелігі де осында.
Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны- қолда бар адам мен материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру. Кәсіпорын- ең алдымен адамдар. Осыдан келіп бұл терминннің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент- бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Сонымен менеджменттің екі ұғымы бар.
Бірінші ұғым. Менеджмент- бұл басқару, басшылық ету органы. Екінші ұғым, Менеджмент-бұл адамдарды басқару әрекеті.
Менеджер дегеніміз кім? Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз.
Менеджер –ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл – басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам.
Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Европалықтардың түсінігінше- менеджер қазіргі тәсілдерді басшылықққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар. «Менеджер- бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесіне бағындыра білуге , өзінің жанұясы-фирманың гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс». Жапониядағы менеджерлер мектебінің- негізігі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу органдарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.
Барлық менеджерлер үшін, олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады. Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатына орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адмдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Екіншіден, менеджер ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің тиісті құрамын іріктейді т.б. Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдайды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды. Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді.
Менеджерлерге қойылатын талаптар:
Менеджемент «философиясының» бірыңғай түсінігі жоқ, оған манадар түрліше түсінік береді. Көп жағдайларды ірі корпорациялар өз менеджерлеріне талаптар қоюға тырысады.
Мәселен, кәсіпорынды басқарудың көп жылғы тәжірбиесі негізінде, американдық менеджер Ли Якока менеджерлер жұмысын ұйымдастырудың мынадай принциптерін ұсынады.
— төңірегіңе жақсы жандарды топтастыр, интелегенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;
— өзіңнің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әрекеттіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі проблеммаларды текстің бірінші бетіне жазып қой;
— нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң солай жаза біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарға негізделсін, әрі нақты әрі қысқа, кімге арналғаны белгілі; ал ұсынылатын шешімдер варианты-шағын болсын;
— басшы штаб пен өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күш-жігерді бос жіберу екендігін ұмытпа;
— әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мүмкіндік бер;
— сын-ескертпелерді, әр түрлі көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;
— пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күннің түйінді мақсаты- барынша пайда табуға қамқорлық жсау екендігін есте сақта;
— өз жұмыс стиліңді тап, әрі соны қолдан.
Европалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талаптарды, өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын кеңесшілері М. Вудкок епн Д. Френсистің «Басыбайлықтан босанған менеджер» кітабында алдағы онжылдықта басқару үшін менеджерлерге мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептейді:
— өзін-өзі меңгере білу;
— жеке басының бағалы қасиеттері;
жеке өзінің айқын жоспарлары;
— жеке басын үнемі жетілдіріп лтыру;
— проблеммаларды шешуге дағдылану;
— өнертапқыштық және иннновацияға қабілеттілік;
— маңайдағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілет;
— қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;
— басшылық ету қабілетін;
— қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;
— тиімді жұмысшы топтарын қалыптастыру және дамыту қабілеті.
Менеджерде осы аталған дағдылар мен қабілеттердің кейбіреуі жетіспеген жағдайда, оларда мынадай шектеулер пайда болады:
— өзін меңгере білмеу;
— жеке басының бағалы қасиеттерінің болмауы;
— жеке басында көмескі мақсаттың болмауы;
— жеке басын жетілдірудің тоқырауы;
— проблемаларны шешу дағдысының жеткіліксіздігі;
— шығармашылық ықпалдың жеткіліксіздігі;;
— адамдарға ықпал ете алмаушылық;
— басқару еңбегінің ерекшеліктерін жете түсінбеушілік;
— басшылық дағдасының осалдылығы;
— баули білмеушілік;
ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі.
Менеджмент ғылым ретінде XIX-ғ. аяғы мен XX ғ. басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға «менеджер», «менеджмент» ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін дәл аударатын болсақ, онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздерінің түпкі мағынасын әрқашан дәл бере бермейді.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:
-адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
-билік және басқару өнері;
-шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
-басқару органы, әкімшілік бөлігі.

1.3 Басқару ұғымы және оның әдістері


Басшы өзіне бағынатын адамдарға психологиялық әсер етудің механизмін менгеруі тиіс, бұл үшін ұжымдағы адамдардың қызметін жандандыру әдістерін білуі қажет. Басшы бағынатын адамдардың өздерін танытуға талпынатынын ескертуі тиіс. Психологиялық әсер ету процесінде мына үш негізгі механизмнің бірлігі болуы тиіс: сендіру, үйрету (иландыру) және еріксіз көндіру. Басшының әсер ету әрекеттерін екіге бөлуге болады: шабыттандыру және үстемдік (басым болу) әрекеттер. Әрбір басшы өзіне бағынатын адамдармен белгілі әлеуметтік — психологиялық дистанцияны ұстауға бағытталған қарым-қатынастарда болады.
Басшы қызметінін негізі — бұл адамдармен жұмыс істеу. Менеджердің кәсіби жарамдылығының басты белгілері: іскерлік қатынастарды ұйымдастыру қабілеті, ұжымдағы психологиялық климатты реттеу. Басшының қызметін жүзеге асыру процесінде табысқа жетуінің басты көрсеткіші оның жеке басының моральдық-этикалық құндыдықтары, оларға жататындар: адалдық, басқаларды сыйлау, жеке жауапкершілік, ұяттылық, дәйектілік, еңбекте табандылық, ішімдікке және әдепсіз қылықтарға жол бермеу, өзінің қателерін мойындай білу және т.б. Бұл адамдарға тән сапалар тәрбиелеу және қоғамдық ортаның әсер етуі нәтижелерінде қалыптасады.
Қазіргі экономикалық жағдайда басшылар тек іскерлік шаруа жүргізушілер емес, сонымен қатар, саяси қайраткерлер болуы тиіс, бұл үшін олар адамның мұқтаждарын қанағаттандыруға бағытталған сәяси мәдениетке ие болулары қажет. Әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, басшылардың үштен екісі өздерін саяси лидерлер деп есептейді. Қоғамдағы әлеуметтік жауаптылық басшылардың 28% ғана толғандырады. Ал олардың 18% мемлекеттің әлеуметтік саясатын шындап білгісі келеді. Сонымен, басшылардың саяси мәдениетінің деңгейі белгілі болып, буның белгілі масштабтағы мәселе екені анықталады.
Кітапхананы басқару — кітапхананың өндіріс басқарудың құралды бөлігі. Басқару тәрізді «жұмыстың жақсы жағдайларда кітапханашыға ешқандай жамандық әкелмей, баяндауға жол бермейтіндей жылдамдық шегін нақты анықтау қажеттілігін талап еткен» Тейлормен ғылыми негізде бірінші қойылды. Тейлор ұсынған амал оны жеткілікті жоғарылатуға ғана мүмкіндік берген жоқ, орындаушылардың еңбегі жабдық жұмысы тәрізді белгіленеді. Кез келген жұмысты нөмірлеуге болмайды. Егер жұмыс үздіксіз болмаса, орындалған жұмыс көлемі аз болса, қызметшілер әр түрлі міндеттерді орындаса, орыңдаушының еңбегін реттеп қажеті жоқ.
Жүйе – нақты мақсатты көздейтін және қоршаған ортамен байланысы бар анықталған толықтық пен бірлікті құрайтын элементтердің (олардың бөліктерінің) өзара қатынасы.
Басқару процестерін құрайтын жүйе басқару жүйесі деп аталады. Басқа жүйелерге қарағанда басқару жүйелері келесі сипатты ерекшеліктерді құрайды:

  1. ақпараттық байланыс арқылы толықтықты қамтамасыз ету;

  2. басқару әсеріне сәйкес әр-түрлі әрекетке өту мүмкіндігі, бұл кезде өту әрекеті уақытты бірден қажет етпейді;

  3. даму бағытын таңдау;

  4. қоршаған ортаға сәйкес жүйені қабылдау;

  5. жүйелердің қызмет ету процесінің түзу бағыты.

Басқару жүйесі – ұйымдастырылған жүйелердің функциялары (биологиялық, техникалық, әлеуметтік және басқа), осы жүйелердің құрылымын сақтауды, олардың әрекет етуін, олардың мақсаттары мен бағдарламаларын жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.
Басқару субъектілері дегеніміз басқарудың экономикалық және моральді-этикалық, ұйымдастырушылық, үкімдік, биліктік өкілдері бар әр-түрлі әкімшілік құрылымдар мен жеке және заңды тұлғалар табылады.
Басқару объектілері болып заңды және жеке тұлғалар сонымен қатар, әлеуметтік, табиғи, экологиялық, экономикалық жүйелер мен процестер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет