Орындаған: Мусаева Жансая Серикова Тыныштык Тексерген: Газизова Г. Г. Факультет: Стоматология Группа: 306а тақырыбы: Рандомизацияланған клиникалық зерттеулер

бет2/6
Дата25.05.2023
өлшемі291,24 Kb.
#97215
түріСынақтар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
306А (копия)

Дәлелдер сенімділігінің дәрежесі қандай зерттеулердің нәтижесінде алынғандығына байланысты. Олардың ішінде рандомизацияланған бақылаулы зерттеулердің нәтижелері дәлелдігі жағынан артықтау болып табылады. АҚШ және Европада диагностика, емдеу, профилактикаға енгізілген жаңа әдістер рандомизацияланған бақылаулы зерттеуден тиімділігі бағаланбағанша тәжірибеге енгізілмейді, бұл заңдылық болып табылады. Медициналық көмек қорытындысын талдауда екпіннің статистикалық бағалаудан өмір сапасын бағалауға қарай ығысуы зерттеулер нәтижелерінің дәлелділігін жоғарлатуда маңызды аспект болып табылады.

Ғылыми дәлелдер келтіру дегеніміз клиникалық мәселені арнайы идентификациялап (теңестіріп), бар ақпараттарға қол жеткізіп, барлық нәтижелерді дәлелдік дәрежесіне қарай іріктеп, ең жақсы деген нәтижелерді клиникалық ұсыныстарды құрастыру үшін қолдану.

Дәлелдік күшіне байланысты зерттеулерді келесі ретпен іріктеуге болады:

  • Рандомизацияланған бақылаулы зерттеулер.
  • Рандомизациясыз жүргізілген бақылаулы зерттеулер.
  • Когортты, тоғысатын-секционды, ретроспективті зерттеулер (жайтты бақылау).
  • Бақылаусыз зерттеулер.
  • Жүйелеп баяндайтын немесе сипаттаушы зерттеулер.

Рандомизацияланған бақылаулы зерттеулер

Зерттелетін жағдай үшін, зерттеуге пациенттерді көп адамдардың ішінен таңдайды. Содан кейін, пациенттерді негізгі болжанатын белгілері бойынша кездейсоқ екі топқа бөледі. Экспериментальды топ немесе емдеу тобына тиімді деген әрекет жасалынады (мысалы, жаңа дәрілік затты қабылдау). Ал екінші бақылаудағы топқа немесе салыстырылатын топқа зерттелетін әрекет жасалмайды. Бұл клиникалық зерттеулердің шынайылығы, зерттелетін терапевтік әрекеттен басқа, болжамды анықтайтын факторлардың салыстырылатын екі топта да ескерілгеніне байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет