Орындаған: Нағашыбай Самал Мектепке дейінгі білім беру жүйесі саласындағы нормативтік құжаттар. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру бағыттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар
3-тарау. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар
4-тарау. Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар
1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – стандарт) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына, 56-бабына сәйкес әзірленді және мыналарды:
1) тәрбие мен оқыту нәтижелеріне бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына;
2) тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне;
3) тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды анықтайды.
Физикалық дамыту.
Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Физикалық дамыту балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған бейімделген дене шынықтыру), жүзу (жүзу бассейні болған кезде) ұйымдастырылған іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Физикалық дамытудың міндеттері: ата-аналардың балаларға ерте жастан күтім жасауы мен оларды дамыту дағдыларына ие болуына жәрдемдесуі; тәрбиеленушілердің негізгі қимыл түрлерін меңгеруі арқылы мәдени-гигиеналық дағдылар, қимыл-қозғалыс тәжірибесін қалыптастыру; дене сапаларын және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту; түрлі ойындарды өткізу; шығармашылық қабілеттер мен командамен бірге әрекет ету дағдыларын дамыту.