Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған ісәрекеттер берілді
Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған ісәрекеттер берілді.
Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған ісәрекеттер берілді.
Ұйымдастырылған іс-әрекет - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени-әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінезқұлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын іс-әрекет.
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
перспективалық жоспарға (2-қосымша);
циклограммаға (3-қосымша);
бала дамуының мониторингі арқылы іске асырылады.
Перспективалық жоспарды ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін жылына бір рет жасайды. Перспективалық жоспарда әрбір ұйымдастырылған іс-әрекеттердің Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде бір айға міндеттері айқындалады. Циклограмманың ұйымдастырылған іс-әрекет бөлімінде мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізілетін денешынықтыру, қазақ тілі, сауат ашу негіздері және музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері толтырылады. Бұдан басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттер түрлі балалар әрекеттері арқылы күні бойы күн тәртібіне сәйкес толтырылады және іске асырылады. Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі (бастапқы қыркүйекте аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында). Мониторингтің мақсаты: - баланың жетістіктерін қадағалау; - балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету; - түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін жетілдіру; - баланың Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау. Нәтижелер «Бақылау парағында» толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде топтағы әрбір балаға Баланың жеке даму картасы толтырылады (4- қосымша). Мониторинг нәтижелері бойынша даму деңгейлері I, II деңгейдегі балалармен қосымша жеке жұмыстар жүргізіледі. Баланың жеке даму картасының «Дамыту, түзету іс-шаралары» бөлімінде мониторинг нәтижелері бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын толтырады.
Назарларыңызға рахмет!!!