Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
PISA форматындағы тапсырмалар биология 8,11 сынып
Химия 8-9 сынып
Орындаған:Найманбаева Д. С.
Петропавл 2017 жыл
Зат алмасу ( 8 сынып) Зат және энергия алмасу – қоршаған ортамен зат алмасу барлықтірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп, басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар асқорыту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды.
Тапсырма 1 Әр түрлі мамандықта жұмыс жасайтын адамдар әр түрлі энергия жұмсайды. Мысалы, ойлау қызметімен жұмыс істейтіндер, бір күнде 3000 килокаллорий энергия жұмсайды. Дене еңбегімен шұғылданатындар 2- есе көп энергия жұмсайды екен. Ауыр жұмыс істегенде жұмсалатын энергия мөлшері ПӘК ( пайдалы әсер коэффиценті) арқылы анықталады. Пайдалы әсер коэффицентінің орташа мөлшері 20-25 % . Спортшыларда бұл көрсеткіш жоғары. 1г аққуыз тотыққанда – 4,1 ккал, 1г май – 9,3, көмірсулар – 4,1 ккал болып есептелінеді. Азық – түліктердің құрамындағы көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың мөлшерін біле отыра, олардың құнарлығын анықтауға болады.
Егер адам тәулігіне 3000 ккал энергия жұмсаса, онда ағзаның знергетикалық қажеттілігін 1 тәулік ішінде пайдалана отыра, толық қанағаттандыруға болады. А 732 г көмірсулар
В. 732 г майлар
С. 150 г аққуыздар
Д. 732 г аққуыздар мен 732 г көмірсулар
Анализ 1.Мән мәтін: Жеке ,денсаулық
2.Мазмұны: ғылым туралы білім, ғылыми жаратылыстану зерттеу
3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру
4.Қолдану аймағы:медицина, спорт
5. Сұрақтың типі: нақты бір жауапты таңдау
6. тапсырма деңгейі: 3 Тапсырма 2 Бұлшықет қызметі, белсенді қозғалыс режимі, дене шынықтыру жаттығулары және спорт көп энергия жұмсауды қажет етеді. Қоректік заттарды олардың каллориялық құндылығын есепке ала отыра ауыстыруға болады.
Мына тұжырымдар дұрыс па ? Энергетикалық құндылығы бойынша 1г көмірсу 1г ақуызға тең
( иә /жоқ )
Спортшылардың тамақ рационын құрғанда, жаттығулардың көлемі мен қарқындылығы жоғары болатын күндері энергия жұмсалуының артуы байланысты есептеу керек ( иа/ жоқ)
Егер тамаққа аққуызды көп қолдансақ, арттық салмақ қосудан қорықпау керек ( иа/ жоқ)
Ағзаға тамақтың жалпы құндылығы ғана маңызды ( иа / жоқ)