Орындаған: Несіпбек Н. Тобы: жби-012 Пәні


Қазақстанның илік өсімдіктері



бет2/6
Дата28.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#87880
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бөж дәрілік Айсұлу 14-апта

2. Қазақстанның илік өсімдіктері. Қазақстанның флорасында 300-ден астам,құрамында илік заттары бар өсімдіктер кездеседі. Құрамында илік заты көп кездесетін өсімдіктердің тұқымдасына-таран тұқымдасы, раушангүлділер тұқымдасы, талдар тұқымдасы, ерінгүлділер тұқымдасы, қорғасын шөптер тұқымдасы жатады.
Жалпы илік заттар-ақуыздарды, алкалоидтарды, ауыр металдарды тұнбаға түсіретін, тұтқыр дәмі бар өсімдік текті фенолды жоғарғы молекулалы қосылыстар. Өнеркәсіпте илік экстракт және таза танин алынады. Бұл заттардың тері илеуде маңызы зор. Олар өсімдіктің барлық органдарында, ашып айтқанда қабығында, тамыр және тамыр сабақтарында, жапырақтарында, жеміс қабығында кезедеседі. Илік заттар көбіне қарақұмық, тал, шамшат, сумах гүлділер, томарбояу және раушан гүлділер тұқымдастарында т.б. көп болады [3].
3. Биологиялық сипаттамасы. Қарақұмық (Fogopurum) қарақұмық тұқымдасына (Polygonaceae) жатады да, екі түрге бөлінеді: кәдімгі қарақұмық және жабайы қарақұмық. Кәдімгі қарақұмық — маңызды жармалық дақыл. Бір жылдық өсімдік. Тамыры кіндікті, 1 м тереңдікке бойлайды. Әлсіз дамыған, негізгі тамырлары топырақтың 25-30 см қабатында орналасқан. Сабағының ортасы қуыс, қырлы, биіктігі 40-150 см, 10-12 бұтақ құрайды. Жапырағы үшбұрышты — жүрек тәріздес. Гүл шоғыры — қалқан тәріздес шашақ. Гүлдері — дұрыс бес типті. Жақсы дамыған, бір өсімдікте 500-1500 дана гүлдері болады. Қарақұмық гүлдеріне деморфизм құбылысы тән: кейбір өсімдіктерде гүлдері қысқа аналықтар және ұзын аталықтармен дамыса (ұзын бағаналы гүлдер), ал басқалары — ұзын аналығымен және қысқа аталығымен (қысқа бағаналары) ерекшелінеді. Тозаңданған гүлдердің жоғарғы пайызын лигитимді (бір типті) тозаңдану береді, ол кезде ұзын аталықтың тозаңы ұзын аналыққа түседі де, қысқа аталықтың тозаңы қысқа аналықты тозаңдандырады. Әр түрлі типтердің тозаңдануы (иллигитимді) тозаңданған гүлдердің төмен көрсеткішін береді [5].
Шамшат (лат. Fagus) — қос жарнақты өсімдіктер; таксономиялық жіктелім бойынша — қатар. Дүние жүзінде қоңыржай, тропиктік және субтропиктік аймақтарда (тек Оңтүстік Африканың тропиктік аймағында кездеспейді) өседі.Бұл қатарға қайың тұқымдасы және шамшат тұқымдасы, 7 — 9 туыс, 600-дей (кейбір деректер бойынша 1000-нан аса) түрлер жатады. Қазба қалдықтары бор кезеңінен белгілі. Шамшаттар — бір үйлі (сирек екі үйлі) ағаштар. Биіктігі 50 м-ден, діңінің жуандығы 2 м-ден асады. Дің қабығы тегіс, сұр түсті, көпшілігі — жапырақ тастайтын ағаш. Гүлі дара жынысты. Аталық гүлінде 6 — 12 аталық, аналық гүлінде 1 аналығы болады, олар жеке-жеке орналасады. Гүлшоғыры бір немесе бірнеше гүлден құралады. Жапырағы бүр жарғанда гүлдейді. Желмен тозаңданады. Жемісі (жаңғағы) шошқажаңғақ тәрізді болады. Шамшаттарды елді мекендерді көгалдандыру үшін, орман шамшатында ағаштарды қорғау үшін отырғызады; сүрегі мықты, сондықтан ағаш бұйымдарын жасауда қолданылады. Жемісінде улы алкалоид — фагин болады, ол жемісін қуырғанда жойылып кетеді, сондықтан жемісінен тағамдық және техникалық май алынады; күнжарасы шошқаға беріледі.



2-сурет. Шамшат






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет