Орындаған: Несіпбек Н. Тобы: жби-012 Пәні



бет1/6
Дата28.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#87880
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бөж дәрілік Айсұлу 14-апта


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы



БӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның илік өсімдіктері

Орындаған: Несіпбек Н.


Тобы:ЖБИ-012
Пәні:Дәрілік өсімдіктер
Қабылдаған: Умиров Б.
Түркістан 2023ж
Жоспар

I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім
1. Илік заттардың жалпы сипаттамасы
2. Қазақстанның илік өсімдіктері
3. Биологиялық сипаттамасы
4. Дәрілік маңызы
5. Қолданылуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


I. Кіріспе

Илік заттар - ақуыздарды, алкалоидтарды,ауыр металдарды тұнбаға түсіретін, тұтқыр дәмі бар өсімдік текті фенолды жоғарғы молекулалы қосылыстар.


Илік заттар-суда, спиртте, сулы ацетонда және эфирде ериді, бензолда, хлороформда, сусыз эфирде ерімейтін аморфты заттар.
Дәрілік өсімдік шикізатынан илік заттарды ыстық сумен бөліп алады. Өсімдік шикізатын немесе экстрактіні ілеспе заттардан полярлығы артқан органикалық еріткіштермен сатылы өңдеу арқылы тазартады. Хлороформмен экстракциялау арқылы хлорофиллдерден, терпеноидтардан, восктерден, липидтерден, этилацетаттардан, лейкоантоциандардан, катехиндерден тазартады.

II. Негізгі бөлім


1.Илік заттардың жалпы сипаттамасы. Илік заттар - құрамында гидроксильді радикалдары фенольдік сипатта болатын, суда еритін және күрделі хош иісті қатардағы органикалық заттардың тобы.
Илік заттар - ақуыздарды, алкалоидтарды,ауыр металдарды тұнбаға түсіретін, тұтқыр дәмі бар өсімдік текті фенолды жоғарғы молекулалы қосылыстар.
Илік заттар екі түрге бөлінеді :
Гидролизденетін илік заттары-бұл фенолкарбон қышқылдарының күрделі эфирлерінің қантты және қантсыз қоспалары.Су ерітінділерінде қышқылдардың, сілтілердің және ферменттердің әсерінен олар фенольді және фенольді емес табиғаттың құрамдас бөліктеріне гидролизденуге қабілетті болады.
Гидролизденетін илік заттарды үш топқа бөлуге болады:
Галлотаниндер-галл, дигалл қышқылының және оның басқа да полимерлерінің қанттың циклдық формаларының күрделі эфирлері.
Эллаготаниндер – элаг қышқылының және онымен биогенетикалық туыстығы бар басқа да қышқылдардың, қанттардың циклдық формаларының эфирлері [2].

1-сурет. Иілік заттар




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет