Орындаған: Нұрғали А.Қ. Тексерген: Тазабекова А. С бастауыш мектептегі тәрбиенің негізгі бағыттары Тәрбие


Сынып жетекшісінің негізгі қызметі



бет2/3
Дата19.11.2022
өлшемі1,14 Mb.
#51269
1   2   3

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі

  • Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны оқушылардың белгілі топтарында педагогикалық үрдіске жетекшілік ету функциясымен анықталады.
  • Сынып жетекшісі оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырады: танымдық, еңбек, эстетикалық, сонымен бірге оқушылардың еркін қарым-қатынасы оқушылардың дем алу бөлігі болып табылады.
  • Сынып жетекшісінің қызметінде бақылау және түзету қызметін жүйелі және сауатты жүзеге асыру тәрбиелік, ұйымдастырушылық және дамытушылық мәні зор, тәрбиелік үрдістің тиімділігін арттырады.
  • Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері
  • Тәрбиелік процестің тиімділігі педагогтың, оқушылардың және ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасына байланысты. Үлкендермен балалардың арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру үшін педагог, ата-аналар, балалардың бірлескен қызметі ұйымдасқан болса, онда ұжым біртұтас үлкен отбасы ретінде қызықты өмір сүруі өте маңызды. Бұл отбасының ынтымақтастығының қалыптасуына ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара түсінушіліктерін белгілейді, отбасында жағымды жағдайларды құрайды.
  • Оқушылармен, ата-аналармен және педагогтадың арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру ең алдымен, осы үрдісте үлкендермен өзара іс-әрекет қалай құралатына байланысты болады. Ата-аналар, сынып жетекшілері, балалардың педагог-тәрбиешілері және олардың тәрбиелік нәтижелері тиімді болады егер, мұғалімдер мен ата-аналардың бірлесуі болуы мүмкін. Осы бірлестік негізінде – берілген нәтижеге жету жолдары мен жалпы мақсатына деген ұмтылыс бірлігі, тәрбиелік үрдіске деген көзқарас.

Сынып туралы қысқаша педагогикалық-психологиялық мінездеме;

    • Сынып туралы қысқаша педагогикалық-психологиялық мінездеме;
    • Сыныптың тәрбие жүйесінің мақсат, міндеттері ;
    • Сынып ұжымының алға дамуына бағытталған әрекеттердің қағидалары;
    • Сыныптың тәрбие жүйесін құру және іске асырудың механизмі (Бұл жерде бастысы жүйені құрайтын әрекет түрлері, сыныптағы дәстүрлі шаралар мен мерекелердің,сыныптағы өзін-өзі басқарудың қалыптасуы, сыныптың ішкі,сыртқы байланысы мен бір-бірімен қарым-қатынасы);
    • Тәрбие жүйесінің нәтижелі болуын зерттеу тәсілдері мен көрсеткіштері.
  • Қазіргі таңда мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы - сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, қоғамдық ұйымдардағы және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланысады.
  • Мектептегі тәрбие жүйесі, біріншіден жүйенің қалыптасуынан, екіншіден әр ұжымның іс-әрекетінің мазмұнын нақтылаудан, үшіншіден, жаңашыл үрдістерді пайдалану барысында жүйені қалыптастырудан тұрады.
  • Жалпы мектептегі тәрбиелеу жүйесі, сыныптағы тәрбие жүйесі бір-бірімен кіріктірле отырып, сабақтастырыла жүргізіледі. Тұтас педагогикалық жүйе секілді тәрбие жүйесінің негізіне оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жатады. Қазіргі таңда тәрбиелік жүйені педагогиканың негізгі категорияларының бірі болып табылатын тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан қарастырады.
  • В.С.Кукушкин өзінің “Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі“ атты еңбегінде тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттарын нақтылайды: 
  • - әр мектептің өзіндің тәрбие жүйесінің тұжырымдамасының болуы;
  • - тәрбиелеу жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі;
  • - тәрбие жүйесінің тұлғаға бағытталған еркіндік кеңістігінің қалыптасуы;
  • - мектеп пен қоғамның өзара байланысына негізделуі;
  • - жүйелі түрде салауатты өмір салтының қалыптасуы;
  • - әр мәселенің жариялылық тұрғыда әділ шешілуі;
  • - мектептегі қарым-қатынастың ізгілікке бағытталуы;
  • Мектепке дейінгі тәрбие процессінің жүзеге асырудың негізгі тәсілдері:
  • Жеке - іс-әрекеттік тәсіл
  • баланы алуан түрлі іс-әрекеттер түріне кірістіру үдерісінде өзін жеке тұлға ретінде сезінуге көмектесуді және өзін танытуға мүмкіндік туғызуды білдіреді.
  • Жеке - бағдарлық тәсіл
  • баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуға және өздік дамытуға бағытталған ерекше түрдегі білім бері үдерісін (ерекше мақсатпен, мазмұнмен, түрлермен, әдістер және технологиялармен) құруға негізделген.
  • Құзыреттілік тәсіл
  •  мәселені анықтауға, жауапкершілікпен шешім қабылдауға, оларды жүзеге асырудың жолдарын анықтауға, жетістікке жетуді жоспарлау мен ұйымдастыру үдерісіне, өзінің іс-әрекетіне және нәтижесіне баға беруге және өздік бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет