Сынып жетекшісі қызметінің мазмұны оқушылардың белгілі топтарында педагогикалық үрдіске жетекшілік ету функциясымен анықталады.
Сынып жетекшісі оқушылардың әртүрлі іс-әрекетін ұйымдастырады: танымдық, еңбек, эстетикалық, сонымен бірге оқушылардың еркін қарым-қатынасы оқушылардың дем алу бөлігі болып табылады.
Сынып жетекшісінің қызметінде бақылау және түзету қызметін жүйелі және сауатты жүзеге асыру тәрбиелік, ұйымдастырушылық және дамытушылық мәні зор, тәрбиелік үрдістің тиімділігін арттырады.
Тәрбиелік процестің тиімділігі педагогтың, оқушылардың және ата-аналардың арасындағы қарым-қатынасына байланысты. Үлкендермен балалардың арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру үшін педагог, ата-аналар, балалардың бірлескен қызметі ұйымдасқан болса, онда ұжым біртұтас үлкен отбасы ретінде қызықты өмір сүруі өте маңызды. Бұл отбасының ынтымақтастығының қалыптасуына ата-аналар мен балалардың арасындағы өзара түсінушіліктерін белгілейді, отбасында жағымды жағдайларды құрайды.
Оқушылармен, ата-аналармен және педагогтадың арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру ең алдымен, осы үрдісте үлкендермен өзара іс-әрекет қалай құралатына байланысты болады. Ата-аналар, сынып жетекшілері, балалардың педагог-тәрбиешілері және олардың тәрбиелік нәтижелері тиімді болады егер, мұғалімдер мен ата-аналардың бірлесуі болуы мүмкін. Осы бірлестік негізінде – берілген нәтижеге жету жолдары мен жалпы мақсатына деген ұмтылыс бірлігі, тәрбиелік үрдіске деген көзқарас.
Сынып туралы қысқаша педагогикалық-психологиялық мінездеме;
Сынып туралы қысқаша педагогикалық-психологиялық мінездеме;
Сыныптың тәрбие жүйесінің мақсат, міндеттері ;
Сынып ұжымының алға дамуына бағытталған әрекеттердің қағидалары;
Сыныптың тәрбие жүйесін құру және іске асырудың механизмі (Бұл жерде бастысы жүйені құрайтын әрекет түрлері, сыныптағы дәстүрлі шаралар мен мерекелердің,сыныптағы өзін-өзі басқарудың қалыптасуы, сыныптың ішкі,сыртқы байланысы мен бір-бірімен қарым-қатынасы);
Тәрбие жүйесінің нәтижелі болуын зерттеу тәсілдері мен көрсеткіштері.
Қазіргі таңда мектептегі тәрбие жүйесінің негізгі құрылымы - сабақ үстіндегі, сабақтан тыс уақыттағы, мектептен тыс уақыттағы, қоғамдық ұйымдардағы және қоғам, мектеп, ата-аналар бірлестігінде іске асырылады, бір-бірімен сабақтастықта және жүйелі түрде байланысады.
Мектептегі тәрбие жүйесі, біріншіден жүйенің қалыптасуынан, екіншіден әр ұжымның іс-әрекетінің мазмұнын нақтылаудан, үшіншіден, жаңашыл үрдістерді пайдалану барысында жүйені қалыптастырудан тұрады.
Жалпы мектептегі тәрбиелеу жүйесі, сыныптағы тәрбие жүйесі бір-бірімен кіріктірле отырып, сабақтастырыла жүргізіледі. Тұтас педагогикалық жүйе секілді тәрбие жүйесінің негізіне оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жатады. Қазіргі таңда тәрбиелік жүйені педагогиканың негізгі категорияларының бірі болып табылатын тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан қарастырады.
В.С.Кукушкин өзінің “Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориясы мен әдістемесі“ атты еңбегінде тәрбиелеу жүйесінің негізгі бағыттарын нақтылайды:
Мектепке дейінгі тәрбие процессінің жүзеге асырудың негізгі тәсілдері:
Жеке - іс-әрекеттік тәсіл
баланы алуан түрлі іс-әрекеттер түріне кірістіру үдерісінде өзін жеке тұлға ретінде сезінуге көмектесуді және өзін танытуға мүмкіндік туғызуды білдіреді.
Жеке - бағдарлық тәсіл
баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуға және өздік дамытуға бағытталған ерекше түрдегі білім бері үдерісін (ерекше мақсатпен, мазмұнмен, түрлермен, әдістер және технологиялармен) құруға негізделген.
Құзыреттілік тәсіл
мәселені анықтауға, жауапкершілікпен шешім қабылдауға, оларды жүзеге асырудың жолдарын анықтауға, жетістікке жетуді жоспарлау мен ұйымдастыру үдерісіне, өзінің іс-әрекетіне және нәтижесіне баға беруге және өздік бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді