Мүмкіндіктері шектеулі балалар қатарында жиі кездесетін ақыл-ойы кемтар балалар. Ақыл ойы кемтар балалардың ми қыртысының органикалық түрде зақымдалу салдарынан танымдык әрекеттегі ауытқулары бар
Ақыл-ойы кемтарлықтың, яғни зият ауытқушылықтардың үш деңгейін ажыратады, олар: жеңіл, шамалы, терең. Жалпы топтастыру негізгі үш деңгейді анықтайды: дебильдік, имбецильдік, нақұрыстық.
Батыс Европа және АҚШ - та бұл терминдер мамандардың кәсіптік аумағында ғана қолданады, мысалы, медиктер. Кең әлеуметтік және педагогикалық тәжірибеде, жалпылаушы анықтама «қиын оқытылатындар», "зиятында ауытқушылығы бар" деген ұғым қолданылады.
1994 жылы Дүниежүзілік денсаулық сактаудың ұйымы (ДДҰ) қабылдаған топтастыру бойынша зият төмендеуінің төрт деңгейін бөліп көрсетті:
Шамалы,
Орташа,
Ауыр,
Терең.
Совет үкіметінің белгілі дефектологы Клара Самойловна Лебединская ПДТ балалардың негізгі 4 үлкен топқа бөлген олар:
Совет үкіметінің белгілі дефектологы Клара Самойловна Лебединская ПДТ балалардың негізгі 4 үлкен топқа бөлген олар:
Соматогенді ПДТ дегеніміз әртүрлі генездің ұзақ соматикалық жетіспеушілігімен және созылмалы инфекциялар мен аллергиялық симптомдар, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық сфераның даму ақаулары болып табылады. Бұл балаларда самотагенді инфантилизм, невротикалық мінез сенімсіздік. қорқу секілді сезімдер пайда болады.
Психогенді ПДТ дегеніміз балада тәрбиенің қолайсызз жағдайларынан туындайтын кемістік. Бұл нұсқада балаларда көбінше эмоциялық- ерік саласы зардап шегеді. Авторитарлы тәрбиенің бала үшін қатігез жағдайлар балада невротикалық мінез құлық қалыптасына алып келеді. Осылайша қадағалаусыздық асқыну кезінде балада психикалық тұрақсыздық, борыш пен жауапкершілік сезімнің болмауы қалыптасады.
Кинституционалдық ПДТ дегеніміз балаларда бұл белгінің шығу тегі психикалық және физиологиялық инфантилизм болуы. Мұндай балаларға дененің инфантилді түрі, мимикасы мен моторикасы сондай-ақ психиканың инфантильділігі тән. Бұл балалардың эмоциялары кіші жастағы балалардың эмоциясына ұқсайды және ойынға құмар болады. ПДТ бұл түрі тежелуі ұзақ созылмалы аурулармен байланысты, олар психикалық жіне физиологиялық астениямен сипатталады.
Церебральді-органикалық ПДТ дегеніміз балада онтогенездің ерте кезеңдерінде ОЖЖ органикалық зақымдануымен байланысты. Бұл формада даму қарқынының баяулау белгілерімен қатар ОЖЖ зақымдануының симптомалары да бар. Церебральды- органикалық кезінде эмоциялық- еріктік сфераның танымдық қызметінің де жетілмеуі бар.