Орындаған: Нургалиева Ж. К. Топ: мкя-301 Тексерген



бет3/4
Дата19.10.2023
өлшемі1,21 Mb.
#119182
1   2   3   4
Байланысты:
sro(20234592-52831)(1)

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді іштей топтастыруда орыс тіл білімінде құрылымдық және семантикалық белгілер негізге алынып, осыған орай, бұл классификация құрылымдық-семантикалық классификация деп аталып жүр. Сабақтас құрмалас сөйлемді оны құрастырушы компоненттердің ара қатысы тұрғысынан топтастыруда алғашқы қадам жасаған лингвист В.А. Богородицкий 1) бағыныңқының, неге қатысты екендігін, 2) сөздердің қандай формаларының (және интонация мен басқа тәсілдерінің) қолданылуын және 3) басыңқының белгілі бір мүшесінің емес, бүтіндей бағыныңқының қандай мағыналық реңкке ие болатындығын ескеріп, сабақтас құрмалас сөйлемді классификациялауда бағыныңқының басыңқыға мағыналық қатысын негізге алады.
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
3. СӨЙЛЕМ МЕН ПАЙЫМДАУ
Қарастырып отырған еңбекте сөйлем мен пайымдау бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ ол байланыс - өте күрделі екендігі айтылған. Бұлардың арасындағы байланыс пен айырмашылықты жете түсіну үшін, пайымдау мен сөйлемнің әрқайсысына тән белгілердің және олардың әрқайсысының құрылымдық ерекшеліктерін айқындап алу қажет деп те атап көрсеткен.
Пайымдаудың өзіне тән логикалық құрылымы, логикалық элементтері бар. Жай сөйлеммен айтылған пайымдаудың құрылымында, байланысты (связка) құрылымдық элемент ретінде есептемегенде, екі элемент болады: оның бірі - логикалық субъект (ойдың предметі туралы ұғым), екіншісі, - логикалық предикат (ойлауға қатысты белгі жайындағы ұғым). Бұл ұғымдардың әрқайсысы жеке сөзбен немесе сөздердің тобымен, мысалы, бастауыштың синтаксистік тобы немесе баяндауыштың синтаксистік тобымен берілуі мүмкін. Мысалы, Тіл дегеніміз қатынас туралы деген пайымдауда мынандай логикалық элементтер бар: тіл - логикалық субъект, қатынас туралы - логикалық субъект (дегеніміз - байланыс); орысша сөйлеммен айтылған мына бір пайымдауды талдап көрелік: Слух обо мне пройдет по всей Руси великой (Пушкин). Бұл пайымдаудың логикалық субъектісі - «слух обо мне», логикалық предикаты - «пройдет по всей Руси великой»
Бұл жерде предикативтілік және баяндауыштық (сказуемость) деген ұғымдарды бір-бірінен ажырата білудің үлкен мәні бар екенін айту қажет. Сөйлем пайымдауды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге айтылған ойға, берілген хабарга адамнын қатысын, алуан түрлі эмоциясын да білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет