«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
МӨЖ
Тақырыбы: Кәкен Аханов «Грамматика теориясының негіздері»
(Аханов К. А 93 Грамматика теориясының негіздері: оку құралы/Кәкен Аханов. - Алматы: Өлке баспасы, 2010. - 240 б Қайта басылым) Орындаған: Нургалиева Ж. К.
Топ: МКЯ-301
Тексерген: Саганаева Г. Б.
VIII тарау: Cөйлем және оның құрылымы
1. Сөйлем және оған тән белгілер
2. Сөйлемнің түрлері
3. Сөйлем мен пайымдау
1. СӨЙЛЕМ ЖӘНЕ ОҒАН ТӘН БАСТЫ БЕЛГІЛЕР
Сөйлем - ең басты тілдік бірліктердің бірі. Ол өзімен сырттай ұқсас тілдік басқа құбылыстардан ең алдымен коммуникативті қызметі, яғни шындық болмыстың әйтеуір бір бөлшегі жайында хабар беру қызметі, жағынан ажыратылады. Демек, сөйлем - толық коммуникативті қызметі бар синтаксистік бірлік. Сөйлемнің бірдеме жайында хабарлау қызметі оны синтаксистік басқа кұбылыстардан, мысалы, сөз тіркесінен ажырататын белгі ретінде қаралады.
Тараудың алғашқы бөлімі «сөйлем» ұғымына анықтама беруден басталады. Жай сөйлем дегеніміз - хабарлаудың дербес синтаксистік бірлігі, оның грамматикалық мағынасы - предикативтілік те, формасы - синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін арнайы грамматикалық тәсілдердің жүйесін қамтып иеленген ең кіші құрылымдық үлгі.
ЖАЙ СӨЙЛЕМ ОДАҒАЙ Автор өзінің кітабында одағайларға «бастауыш-баяундауштық құрылым» тән емес болғандықтан, олар сөйлем қатарына емес, айтылыстар қатарына жатады деп атап көрсеткен.
ИНТОНАЦИЯ Кәкен Аханов «Грамматика теориясының негіздері» еңбегінде интонацияның маңыздылығы дәлелденген. Себебі, сөйлемнің немесе айтылыстар мен сөз тіркестерінің тек жазылуы ғана емес, дұрыс интонацияда айтылуы мен қабылдануы өте маңызды.
Сонымен қатар, субъективті-модальдық мағынаның қатарына күшейту мен әсерлеу, сенімділік пен сенімсіздік, құптау мен жақтырмау және т.б. осылар тәріздес мағыналар енеді. Мүндай мағыналар белгілі бір тілдік құрал-тәсілдер арқылы беріледі делінген. Бұл жердегі «белгілі бір тілдік құрал-тәсілдерге» интонацияны жатқыза аламыз.