функционалдық сауаттылығын дамыту» ұғымы,
Біріншіден, «... сауаттылығын дамыту» сөз тіркесі бойынша. Біздің түсінігімізде оқушының сауаты «ашылады», яғни ол «әріптерді таниды, оқи алады, жаза алады». Әрі қарай оқушының жылдам және қатесіз оқи алуын, жылдам және қатесіз жаза алуын, өз оын ауызша да, жазбаша да қатесіз жеткізе алуын қамтамасыз етеміз, яғни оқушының сауаты сапалық өзгеріске ұшырайды. Сапалық өзгеру процесін «жетілу» деп атаған жөн сяқты, ал «даму» сөзі, менің ойымша, сандық өзгерісті сипаттаса керек. Сондықтан, біздің түсінімізге сай «сауаттығын жетілдіру» деген дұрыс па деймін. Екіншіден, «оқушының функционалдық сауаттылығы» сөзтіркесі бойынша функционалдық сөзінің қазақша баламасы ретінде «оқушының қолданбалы сауаттылығы» десек орынды болғандай. Аталған құжатта «Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді» депті. Яғни, мәселе жас ұрпақтың «сауаттылығы» емес, олардың әрбір пән бойынша алған «мықты білімдерін» өмірдің түрлі жағдаяттарында пайдалана немесе қолдана алу қабілетіне емес пе, сондықтан «оқушының функционалдық сауаттылығы» сөзтіркесін «оқушының білімінің қолданбалылығы» деген түсініктілеу болар еді. Сонда «оқушының білімінің қолданбалылығын жетілдіру» деп атағанымыз дұрыс болар деп ойдаймын. Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы болды.
2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – оқу сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);
нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі – математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдерінде орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);
жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға дайын қазақстандық оқушылардың үлесі – жаратылыстану ғылыми сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 20,5%).
Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде. Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін, бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.