Орындаған: Өмірзақова Жансая Қабылдаған: Бибігүл Тұрсынбекқызы


Бірқабатты призма (цилиндр) тәрізді эпителий — негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні призма тәрізді эпителиоциттерден тұрады



бет2/7
Дата10.03.2023
өлшемі1,55 Mb.
#73253
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
CDZKZEUJVMAZ10032023182728

Бірқабатты призма (цилиндр) тәрізді эпителий — негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні призма тәрізді эпителиоциттерден тұрады.

  • Бірқабатты призма (цилиндр) тәрізді эпителий — негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні призма тәрізді эпителиоциттерден тұрады.
  • Олардың биіктігі енінен әлдеқайда ұзын болып келеді. Эпителиоциттердің сопақ келген ядролары да бір қатарда орналасады және негіздік жарғаққа жақын жатады. Құрылысы мен қызметіне байланысты эпителий бірнеше түрге бөлінеді.
  • Бірқабатты призма тәрізді безді эпителий — безді қарын мен жатыр мойынының кілегейлі қабықтарын астарлайды.
  • Эпителий эпителиоциттері — шекаралық шектеу қызметімен қатар, кілегейлі сөл бөледі.
  • Бірқабатты призма тәрізді жиекті (көбелі) эпителий — ащы және жуан ішектердің, өт қабының, бауыр мен үйқы безі өзектерінің кілегейлі қабықтарын астарлайды. Эпителиоциттерінің апикальды ұшында сору процесіне маманданған микробүрлерден құралған жиегі (көбесі) болады. Сондықтан, эпителий ұлпасы жиекті эпителий деп аталады.

Бірқабатты текше (куб) тәрізді эпителий — организмдегі без өзектері мен бүйрек нефрондарының, қалқанша безі фолликулдарының қабырғасын астарлайды. Негіздік жарғақта бір қабатта орналасқан, пішіні текше тәрізді эпителий клеткаларының биіктігі мен ені шамалас. Мөлшері біркелкі дөңгелек келген ядролары бір деңгейде, бір қатарда және жасушалар цитоплазмасының ортасында орналасады.
Бірқабатты текше тәрізді эпителий без өзектерінде - шектеу және шекаралық, фолликулдар қабырғаларында — зат алмасу қызметін атқарады, ал бүйректе несеп түзуге қатысады. Бүйрек нефрондары қабырғасындағы текше тәрізді эпителиоциттердің апикальды ұштарында алғашқы несептен керекті заттарды (глюкоза, амин қышқылдары, тұздар, су) кері соруға маманданған, жасуша плазмолеммасынан түзілген микроб үрлер, ал олардың негіздік (базальды) ұштарында эпителиоцит плазмолеммасы қатпарларынан құралған базальды жолақ болады.
Эпителий тіні-құрамында қан тамырлары мен жасуша аралық заты жоқ тін,жасушалары полярлы дифференцияланады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет