Гормон - эндокриндік жүйеде химиялық хабаршы ретінде әрекет ететін ерекше молекула. Гормондар арнайы органдар мен бездермен жасалады және қанға немесе басқа да органикалық сұйықтықтарға шығарылады.
Тіндік гомеостазды сақтайды.
Тіндердің жасушаларына әсер етіп, олардың өсуін, жұмыс атқару қарқындылығын нормальді шамаға келтіріп, тіндік гомеостазды сақтайды.
Цитокиндер
Цитокиндер - көптеген биологиялық функцияларды реттейтін, олардың көпшілігі иммундық жүйеге, тіндердің қалпына келуіне және жасушалардың көбеюіне байланысты реттелетін шағын сигналдық белоктар.
Нақты тінге арнайыланбаған, әртүрлі тіндердің жасушаларына әсер етеді. Олардың жасушаға әсер етуі цитокиндер эстафетасы арқылы жүзеге асырылады, яғни, бір цитокин жасушаға әсер етеді, одан басқа цитокиндер бөлініп шығады.
яғни, арнайы бір тін жасушаларына ғана әсер етеді. Нақтылы бір тіннің кемелденген жасушаларында өндіріледі Кемелденген жасушалар саны азайса, кейлондардың синтез делуі төмендейді. Камбиальды жасушалардың бөлінуін тежейді. Кейлондар - нақты дифференцияланып болған жасушалардық, ары қарай бөлінуін тежеп, тін жасушаларының гомеостазын сақтайды.
Тіндік жүйені қалыптастырушы факторлар
Біркелкі жасушалар бір тұтас тін жүйесіне интеграциялануы, яғни бірігуі қажет.
Бірлескен тіндерді арасында механикалық байланыс ретінде жасушааралық байланыстар ( адгезия десмосома, адгезивті белбеу, нексус ) болуы керек.
Бірлескен жасушлардың іс - әрекеті кооперцияға, яғни ынтымақтасуы керек.
Тіндердің регенерациясы
Постэмбриондық / постнаталдық гистогенез барысында өмір сүруін тоқтатқан жасушалардың қайта қалпына келуі - регенерация деп аталады.