ЭССЕ Тақырыбы: Қазіргі білім беру жүйесінде білім мазмұнына қойылатын әдістемелік талаптар
Орындаған:Ораз Ү.Т Қабылдаған:Абишева Л.П Тобы:1101-10 Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.
Білім мазмұны балаларға "Нені оқыту керек?" — деген сұраққа жауап береді. Бала тағдыры көбіне оның білімінің саны мен сапасына байланысты. Білім беру мазмұнының теориялық мәселелерін және оны іріктеу жолдарын В.В.Краевский, И.Я.Лернер, В.С.Леднев, М.Н. Скаткин, т.б. зерттеді.
И.Я.Лернердің анықтамасы бойынша "білімнің мазмұны дегеніміз - оқушыға берілетін білім, іскерлік және дағды жүйесі, шығармашылық іс-әрекет, әмоциялық қарым-қатынас тәжірибесі".
Ең бастысы, білімнің мазмұны жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту керек.
Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.
Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Білім - әлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны мыналарды:
1) жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
2) жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
3) жоғары оқу орындарының 1-2-курстарының білім беру бағдарламаларымен интеграцияланған техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын зерделеуді көздейді;
4) ӘАОО-да техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді оқуды және әскери тағылымдамадан өтуді көздейді.
Техникалық және кәсіптік білім берудің мақсаты:
1) нақты біліктілік алуға және біліктілік деңгейін арттыруға қажетті құзыреттерді қалыптастыру;
2) біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі және сабақтастығы;
3) білім алушылардың маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін, жалпы оқу-тәрбие процесінің барысында қалыптастырылатын базалық құзыреттерді игеруі;
4) білім алушылардың кәсіптік қызметтің негізгі түрлеріне сәйкес келетін кәсіптік құзыреттерді игеруі.
Техникалық және кәсіптік білім берудің құндылықтары:
1) кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамашылыққа қабілеттілік, кәсіптік білімді дамытуға және кәсіптік қызмет нәтижелері үшін жауапкершілікті қабылдау;
2) кәсіптік ұтқырлықты, бәсекеге қабілеттілікті және қазіргі қоғамда әлеуметтік қорғалуды қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылар, қасиеттер мен қабілеттер;
3) маманның кәсіптік қызметті өз бетінше орындауға, өз еңбегінің нәтижелерін бағалауға, қызметтің негізгі міндеттерін, сондай-ақ білімнің, іскерліктің, дағдылардың белгілі көлемін шешуге дайындығы.