Орындаған: Орынбасарова Т



бет1/2
Дата08.04.2023
өлшемі37,16 Kb.
#80578
  1   2
Байланысты:
Сын


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті

№15 ОБӨЖ
З.Серікқалиев – сыншы

Орындаған: Орынбасарова Т.
Тексерген: Айтбаев Б.

Ақтөбе, 2023 жыл


Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім. 2.1. Сыншы-З. Серікқалиев туралы сыншылар пікірі

2.2.Сыншы З. Серікқалиевтің еңбектері

  1. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты ғалым-сыншы Зейнолла Серікқалиев шығармашылығы - әдебиеттану ғылымының міндеті ауыр, болмысы күрделі жанрына арналған. Сыншының шығармашылықтұлғасының қалыптасуы-ғылыми зерттеу, дүниетану даналығы жолындағы ізденістерімен басталады. Оның шығармашылық лабораториясын зерделеуде көзіңіздің жететіні, ғалымның алдымен өзінің адами тұлғасын сомдауы мен білімін шыңдауы жүйелі түрде айқын сатыланып дамиды. Ол өзімен бірге оқырманын да үйренуші-шәкірттей өзінің таным сатысымен бірге жетелеп, алдымен білім тереңдігінен сынап, кейіннен даналық ілімімен толықтырады. Ең бастысы ғалым-сыншы З.Серікқалиевтің сындарлы білімі мен дүниетану даналығы - ұлт жастарының танымдық әлемі мен ақылын кемелдендіріп, санасына ой салатындай әсерлі.Себебі, оның шығармашылығына арналған әрбір дәріс - студенттің ғылыми ізденісін туындатып, ал өзіндік күрделі әлемі - білімі мен ақылына сын. Бұл - сгудентті жылылығымен, парасатты байыбымен, сұлу эстетикасымен баурап, өзі ойламаған жаңа белеске көтеретін әлем. Ғалымның ғылыми кітапханасын көкірегіне көшірген студент -өзін сиқырлы әлемнің күші қалай жетелегенін түсінбей: соңғы сәтке дейін ештеңе білмейтініме сенімді болдым, ал сөз кезегі келгенде аузымнан шыққан сөз бұйдасы өзіме ұстатпай, еселене төгілді, ал менің мақсатым солойларды үлгеріп жеткізу болды деп,- өзінің ғажайыпты сезінгенін айтты. Бұл - сырлы әлемнің сиқыры, сөз киесі, бұл - ғалымның даналық мектебі.


Ғалым-сыншы З.Серікқалиевтің сындарлы білімі мен дүниетану даналығын зерттей отырып қазақтың ұлы ақыны Абай сомдаған «толық адам» образы ойға оралады.Абай адам деген жаратылысты бойындағы биік қасиеттері арқылы таниды, яғни,діни философиямен астарлап адамдықтың деңгейін иманмен өлшеген ақын қара сөздерінде «толық мұсылман болмай - толық адам болмайды» деп келтіреді. Ақынның «толық адам» концепциясы 1986 жылғы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегіадам бойындағы ізгі қасиеттерді саралаудан басталады. Абай алдымен адам болып қалыптасудың басты ұстанымдарын айқындап, қашық болу керек бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер малшашпақты және асық болу керек бес нәрсе:талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды атап көрсетеді. Абайдың адамтану ілімінің бастапқы қадамы қарапайым, барлық саналы жаратылысқа таныс болып көрінері хақ, алайда осы негіздерді арнайылап өз бойына тоқып, өмірлік ұстанымына айналдырған «толық адам» бейнесі қоғамымызда санаулы ғана мысал болып табылады.
Зейнолла Серікқалиев біз өмір сүріп отырған қоғамның осындай дара тұлғасына айнала білді. Сыншы туралы жазған ғалымдар мен журналистер, оны адам, азамат ретінде - сыншылық тұлғасының қағидалары мен ұстанымы, білімі мен мәдениеті, сұңғыла ойлары мен тауып және ауыртпай айтатын шешендігімен зерттеп таныған.Мысалы сыншы Әлия Бөпежанова былай дейді, «...таңдамаларыңызды қайтара оқып шыққан соң түйгенім - Сіз нендей іске кіріскеніңізді әу баста-ақ айқын біліп, қапысыз ұғыпсыз. Кітабыңызда уақыттың, заманның ығына жығылып, ойынға басу жоқ: әзілдесуге келмейтін Уақыт, Заман бар. Сіздің кітабыңыз - құпиясын өз тереңіне жасырған Элем.» [1,76]
«...негізгі кітаптарын атасақ та, оған талдау жасауға жүрегің дауаламайды. Тым күрделі. Ауқымды. Бір-екі ауыз сөзбен оларды тұжырымдай алмайсың. Айтар кеңесің - оларды оқу керек. Өкінбейсің. Санаң байиды. Бұл кітаптарға халықаралық «Алаш» сыйлығы, Мемлекеттік сыйлық жайдан-жай берілген жоқ. Сол асыл дүниелерден Зекеңнің өзін, оның азаматтық келбетін тапқандай боласың.»[2]
«Оның бүкіл қалпындағы бір жаратылыс болмысын әлімсақтан сыр тартып, болашақты алыстан болжайтын сол бір ұлағатты Сүлеймен ишандардың тәлімді тәрбиесі себездеген селкеусіз сәулесімен тербеп жүргендей эсер тастайды. Өйткені бұл кісіні қашан көрсең де өзінің қарапайымдылығы, инабаттылық ишаралығы, тағы басқа да жайдары жұмсақтық мінез дәлелдеп жатқандай.»[3,3]
«Зейнолла айтаққа көнбейтін, өзіндігі болмаса жетекке жүрмейтін, бос хронологияны қойыртпақтап, әрнәрсені бір шалулап, жалпылама, жадағай, айдалаға сөйлемейтін сыншы... Зейноллада бос информация жоқ, өткенге де, бүгінге де өзінің бүкпесіз пікірі бар», [4,3]
«Зекең әдебиеттің арғы-бергі тарихын таратып <...> әдебиет, мәдениет жайлы ойларын ірікпей, іркілмей төгіп тастайтын. Зекең Қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдағанда, танымдық өресі өте жоғары, сыршыл сыншы еді. Әсіресе, өлеңді өте биік талғаммен талдайтын. Сыналып отырған авторға орынсыз мін тағудан бойын аулақ ұстайтын.»[5,37]Сыншы Зейнолла Серікқалиев туралы айтылған әрбір ой, жазылған пікірлер тәуелсіз еркіндігі және жаттандылығы жоқ табиғилығымен ерекшеленеді. Себебі сыншы-ғалым «иненің жасауындай» жасандылығы жоқ шынайылығымен мойындатын. Жоғары да келтірілген әдебиеттің әр саласында, сыншымен әртүрлі деңгейде шығармашылық барысында таныс болған тұлғалар пікірі Зейнолла Серікқалиевтің кәсіби сын корифейі деп қана танымай, оның әржағындағы адами болмысының өлшемдеріне баға беруге, адами қасиеттеріне бас июге бағытталған. Бұдан әрі сыншының жақын достарымен, қаламдас жерлес аға, іні буындарына шолу жасасаң бұл пікірлер тереңдей түседі, ол кейде сағынышқа, ілтипатқа толы ішкі сезім монологына, жоқтауға, арнауға айналып кетіп жатады. Бұл - уақыт тезіне сынбаған сыншының әділ де білімді, әрі мәдениетті де қайсар болмысының табиғатын ашатын және дәлелдеуді керек етпейтін негізгі атрибуттары яғни, материалдық құралдары.
Зейнолла Серікқалиев туралы айтылған ойлар мен жазылған мақалалардағы пікірлердің біртұтас бүтіндігі және сыншының зерттеу бағыты мен гумманистік идеяға құрылған «Дүниетану даналығы», «Әлем және адам», «Адам деген асқаралы ұғымның өзі -мәдениет туындысы», «Сұлулық әлеміне сапар», «Кітап туралы кітапқа барар жол» тақырыптық концепциялары да - адами болмысы мен азаматтық ұстанымының айқын дәлелі.
Әдетте саналы жаратылыстыңадами болмысын тіршілікте жасаған іс- әрекеті, қоғамдағы қызметі және сөйлеген сөздерінен танимыз. Ал адами тұлғасын тану үшін ол туралы жазылған естеліктердің пікір сәйкестігі, артында қалдырған еңбектерінің идеялық құндылығы және күнделік, яғни эпистолярлық жанрдағы қолжазбалық мұрасындағы түпкісана көріністерін айқындайтын ойлары дәлел бола алады.
Оның ұлт ауқымынан да көлемді жалпы адамзаттық қауымдастықтың бірлігі, тұтастығы туралы эстетикалық ойлары кейінгі буынды жоғары танымдық деңгейге баулитыны хақ. Сыншының өз ортасы, қатысқан қоғамы және жалпы руханият туралы асыл ойларын мақала астарына түйіндеп отырған. Оның ой астарына эстетика мен ақылды қоса өрген, ақиқаттың есігін айқара ашқан шығармашылық бейнесі, құрыштан құйғандай зор тұлғасы және нәзік, жылы жүрегі бірін бірі толықтырып қайталанбас тұлғаға айналдырды. Абай айтқандай ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүректің басты құндылығы -рухани тұрғыда кемелденген толымды адам десек З.Серікқалиевтің адами келбеті осыған лайық тұлға болды.
«Адам деген асқаралы ұғымның өзі де мәдениет туындысы» деп танитын З.Серікқалиевтің қоғамда қалыптасқан азаматтық тұлғасын шығармашылығындағы ойлары арқылы сомдау, сыншының кісілік бейнесін іздеу - оның жалпы адами болмысының ішкі мазмұнымен танысу.

  • -Шын мәніндегі зиялылық парасаттылық бабына бөленбей, тәрбиеге адамгершілік, мәдениетке қарақан басыңды құлшылыққа байламай, өнегелілік қасиетке айналу мүмкін бола қоймайды;

  • -Әдептілік, кішіпейілділік тәрбиеге байланысты, бұлар күллі сұлулық әлеміне енер жолда жаныңды жарақтар ізгілік шапағаты;

Сыншының қай тұстағы қоғам болмасын, не қандай ұлт болмасын өзіне азық етер басты рухани материалдарының жеке адам өміріндегі құндылығын мазмұндап түсіндіруі әлемдік ойшылдардың еңбегімен пара-пар, кей жағдайда өз ұлты үшін маңыздырақ, себебі ол - саған сенің өзің туралы ой қозғайды. Сондықтан да ұлт тағдыры үшін құнды ойларды таратып ұрпақтан ұрпаққа жаңғырта жеткізіп отыру парыз болып саналады.
Бұдан кейінгі ой-санаңды тамсандырған ұрпақ тәрбиесі, мәдениеті, келешегі және оның тек жәй маман емес қоғамның саналы мүшесіне айналуын қадағалап назарға алуды сыншы уақытынан бұрын дабыл қағып өз еңбектерінде ашық жазады.

  • -Білім және мәдениет! Бір-бірінен бөле-жара қарауға дәтің шыдамайды; Біз жас буынның санасына ең болмағанда Эгос сияқты әділқазылық ұғымын сіңіруге талпыныс жасадық па?

  • -Бүгінгі студент келешекте маман қызметкер болу парызын белгілі бір сала бойынша жанына жайлы күн көріс қамына маманданусезінсе, онда арам шөбің не, алаяғың кім бәрі бір, амандығына шүкірлік етеміз де адаматқа /кентавр/ айналған тіршілік жұрағатында ғұмыр кешкен бола береміз.;

  • -Ұрпақ тәрбиесі алдында қазақ зиялыларына яғни бізге ұрпақ тәрбиесіндегі борыштылықты сезіну, кінәлілікті мойындау жеткіліксіз; себебі, желтоқсанда жазықсыз жазаланған, кейін ақталғандардыңқорланған намысы мен тартқан жан азабын ешқашан бұрынғы бейкүнә қалпына қайта оралту мүмкін емес;

Сыншының асыл сөзді түйіндеген күрделі көркем ойлары ұлт тарихында болған трагедияның адам санасына салған рухани қасіреттерін терең әрі табиғи сезінуі ешкімнің айтар ойының дәнегіне айналмағаны ақиқат. Ал сыншыда ол бүкіл еңбегінің негізгі нысаны, ой ұйытқысына айналған дей аламыз. Ал бүгінгі ұрпақтың халықтық яғни этномәдениеттегі таяздығын ұлт тарихында болған саяси трагедиялар салдарының нәтижесі дей келе, «кадр саясаты ойлантқанда» - деп пікір қалдырады. Дәл осы сұрақ қоғамның бүгінгі күні ең бір өзекті де шектен шыққан мәселесі екені де белгілі болып оыр. Сыншы бұл мәселеге келгенде де көрегендік танытып, ақыл таразысына тартып, алдын-ала болжаған көреміз.
«Біз тарихымызды білмей келген халықпыз» - деп Р.Бердібаев айтқандай, біз анау қырдың әржағында не жоғалтқанымызда онша шаруамыз болмай өстік. Мәдени мешеулігіміз, кадр саясаты ойлантқанда Жиенқұлға тірелгенде тілі күрмелер Capa апамыздай жерге қарайтын кезіміз аз емес.
Жалпы сыншының бүкіл еңбегінің мазмұндық құрылымы өте күрделі рухани құндылықтарды әлемдік деңгейде қарастырып талдай түсіндіреді. Ұлттық сапаны арттыруда ар мен иман бірлігі негізінде қарастырады, яғни сыншы не нәрсені де бастауда алып талдап тереңге үңілдіре зерттейді. Мысалы оның еңбектерінен адамзат құндылықтары туралы мынадай тіркестерді жинақтап жалпы ой жүйесін сипаттап беруге болады.

  • Адамзаттық құндылықтардың адамдардың мінез-құлығына әсері тек Oroc параметрімен саралануы тиіс;

  • Қадам заман /антик/ философиясының өзінде адамдар әрекеті мен ғибраттылық мінездемесін айқындауда дәл осы түсінік ар өлшемі ретінде қолданылған;

  • Мораль /имандылық, имансыздық/ адам баласылық өнегелілік құбылыстардың туындысы Этос тамыры, тарихи тағдыры моральдан тереңде жатыр;

  • Этос - адамдардың шын пейілмен қауымдасуы, өң-түсің түрлі болғанымен, түбір бір екенін жадыңнан шығармау үшін жаралған, дәстүр жадау тартып, рух сырқатқа шалдыққанда Этос бас көтере алмай қалмайды;

  • Этос - ар-иман, намыс бастауларын тас-түйін жұмылдырып, қуат дем береді. Ол тек адам болмысының ең мағыналы ақ тұмасы тәлкекке түскенде ғана жұлқынып бой көрсете алады. Ол тарихи құбылысқа шешуші ықпал жасамағанмен, ізгілікке, адамгершілікке жат сұрықсыздық мәнін саралауға жұрт көңілін, қоғам назарын аудартарлық қасиетпен дараланған;

  • Этос - біздің тұлабойымыздың бүкіл жаратылысымыздың әділетсіздікке қарсылығының табиғи көрінісі. Ол - ар-ожданды тұғырына қондыратын қуат, ең құрығанда иммунитет.

Сыншының арнайы жазған күнделігі туралы әзірге ақпарат жоқ, дегенмен еңбектер зерделей қарап отырсаң өзінің жеке ойларымен оңаша қалған тұстарының жазбаларын табуға болатындай. Мысалы,.

  • Бізге бөксесі жұмсақ кресломен біте қайнасып кеткен кентаврлаар /адамат/ тәрізді жартылай кісі, жартылай орындыққа айналған рухани мүгедектік емес, арамзалықпен ауылы іргелес қонғанды өзіне сын санайтын, әр қылығын имандылық таразысына тартқызар, рухани тазалықты пір тұтар әділқазылық зерде керек. [6,147-170 б.б.]

Өз жаныңның тазалығы үшін, өзіңді тану өзімшілдік моральмен кереғар ұғым. Бұл бақ пен сорды шатастырғанмен бірдей. Бұл үшін әркім алдымен өзінің жан тазалығын нысанаға алып өзін-өзі таныса, бұлтартпас ақ жол, азаматтық айқындамаң деген осы,- деп келтіреді.Біз осымен сыншының шындықтан ажырамаған ақиқатты тұлғасын өзі туралы және өз еңбектеріндегі өз ойларын негізге ала отырып тануға, танытуға мақсаттандық.
Абай ұсынған «толық адам» концепциясы адамзат өркениетіндегі барлық игі қасиеттер жиынтығын: иман, ғылым, білім, тәрбие, әдеп, өнер, құқық, іскерлік, тапқырлық, қайраткерлік, азаматтық, жомарттық, әділеттік, т.б. бойында жетілдіре білген, дамытқан адам десек сыншы Зейнолла Серікқалиев ешбір анықтамасыз өзінің болмысымен осы адами шыңға жете білген тұлға болып табылады.Қазақтың XX ғасыр мен XXI ғасыр тоғысында өмір сүрген қазақ әдебиеті сынының тарихында эстетикалық сын корифейі атанған Зейнолла Серікқалиев сиқыры - ғылыммен қаруланған білім тереңдігі мен тегінен ажырамаған мықтылығы, рухани бастауымызды жоғалтпаған адамшылығы және шындықтан ажырамаған кемелдігінде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет