Орындаған: Өтепберген Арай Тобы: фат-112б түркістан 2023ж Отбасы және қазіргі заман


Отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар



бет4/4
Дата04.05.2023
өлшемі29,36 Kb.
#89941
түріПрезентация
1   2   3   4
Отбасыға әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар

  • Отбасына әсер ететін сыртқы факторлар. Отбасын қарастыра отырып адам экологиясының мәнмәтінінде оның өткенгі және болашақтағы байланысын және отбасы типіне әсер ететін, оның беріктігін, бала саны кіретін өмір талабының көзқарастарын зерттеу өте қажет.Отбасы әрқашанда нақты табиғи және тарихи шарттарға негізделіп құрылған, сондай-ақ негізгі адамдардың өмірлік айнасыда және отбасының бөлігінде құрылған. Солтүстіктің шеткі және ыстық шөл далада, Россияның ортаңғы сызығының жер иеленушілерінде обасының өндірістік қарым-қатынастары әртүрлі қалыптасты. Отбасы және некемен байланысты көптеген діни догма, әдет-ғұрып және ұлттық салт-дәстүрлер нақты табиғи жағдайларда қалыптасып және де маңызды тәжірибелік мән-мағынасы болды.Отбасының қалыптасуы көбінесе демографиялық жағдайларға байланысты. Жыныстың үйлеспеушілігі, туындайтын, мысалы: қантөгістік ұрыстан кейін көптеген жалғыз басты әйел адамдардың алып келуіне соғады.

  • С.И. Ожеговтың түсіндірмесіне сәйкес, отбасы - бірге тұратын жақын туыстар тобы. Ортақ мүдделермен біріккен адамдарды бірлестігі. Отбасындағы қарым-қатынасқа сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Сыртқы факторларға қоғамда бар материалдық және рухани жағдайлардың жиынтығы жатады. Бұл қоғамдағы, ұжымдағы, отбасындағы тұлғааралық қатынастарды анықтайды. Ішкі факторлардың іс-әрекеттері мен көріністері өзара күтулерді жүзеге асыру, қарым-қатынас процесіне ішкі қанағаттану арқылы тұлғааралық қатынастар деңгейінде байқалады. Отбасының сәтті қызметіне ықпал ететін ішкі факторларға отбасылық серіктестердің жеке психологиялық ерекшеліктері жатады: бұл ерлі – зайыптылардың зияткерлік, сипаттамалық және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. 

Отбасының рөлдік(атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже – нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.


әдет – ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті.
Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым-қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз. Неке – бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұратылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау – жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін, Ақыр аяғында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.
Сыртқы күштер: қоғамдық пікірдің қысымы, экономикалық жағдайлардың қысымы, қоғамдық ортаның баланы қамқорлыққа алуға талап-тілегі, отбасының өзінің әлеуметтік қызметінің орындалу деңгейі, т.б. Сондықтан некедегі жетістік деп, тұлғалар серіктестігінің, яғни ерлі-зайыптылардың бейімділікке ептілігі, шеберлігі, іскерлігі, ішкі және сыртқы қысымдарды жоюдағы жеңіске жетуі және оның жемісі, т.б. айтамыз. Алуан түрлі адамдар бірлігінде қоғамда некенің мәнін түсінуге байланысты әр түрлі негіздер бар: жеке бақытқа жетуде некедегі адамдардың бір-біріне толық бейімделуі ерлі-зайыптылардың алдына қойған, тұлғаның жан-жақты дамуына ұласып, ерлі-зайыптылардың алдына қойған мақсатты іске асыруға ұмтылыс басты орын алады;некелік міндеттерді орындау, яғни балалардың болуы, оларды өз елін сүйетін азаматы етіп тәрбиелеу, экономикалық табысқа жету, мүлік жинау.
Неке өлшемі (критериі): беріктік,төзімділік, субъектитік сезімге қанағаттану; ерлі-зайыптылардың рухани дамуы, бір-бірінің ыстығына күйіп, суығына тоңуы, балаларды қатылез, елгезек, қабілетті, алғыр, белсенді етіп тәрбиелеп, қалыптастыру, т.б. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау –жанжалдардың күшеюі – бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс – керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып – ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады. Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі, әсіресе, мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр, ал, ата-аналар мәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі.
Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.
Бірінші кезең – некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.
Екінші кезең – ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ. Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілермен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі –зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.


Индустриялық құрылымының дамуы, демографиялық құрылымының өзгеруі, қоғамдық топтардың, таптардың қайта құрылуы, әлеуметтік өзгерістер әр уақытта отбасының өзгеруіне тікелей әсер етіп отырады. Кейінгі бірнеше ондаған, тіпті жүздеген жылдар аралығында жұмыр жер бетін мекендейтін көптеген халықтар мен мемлекеттерде отбасы дағдарысы белең алып бара жатыр деген пікірлер жиі айтылып жүр. Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет