Тест №1
1. Ақ Орда______________ғасырдың екінші жартысында ең биік шарықтау кезеңіне жетті.
А) XIV; В)XV; С)XVI;
2. Ақ Орданың ордасы __________________қаласы болды.
А)Созақ; В)Суяб; С)Сығанақ;
3.1379 жылы Темір-Мәлікті жеңіп, Сығанақты басып алған хан
А)Мамай; В)Ұрұс; С)Тоқтамыс;
4. Ұрұс хан мен Барақ ұрпақтары Қазақстанның__________________
аймақтарында ғана өз биліктерін сақтап қалды.
А)Солтүстік; В)Шығыс; С)Оңтүстік;
5.Орда Ежен және оның мұрагерлерінің жерлері
А)Шығыс Дешті Қыпшақ; В)Батыс Дешті Қыпшақ;
С)Жайықтан Кавказға дейін;
6.XIV ғасырдың соңы - XV ғасырдың басында Ақ Ордаға бірнеше рет баса-көктеп енген билеуші
А)Меңгу хан; В)Өзбек хан; С)Әмір Темір;
7.Әмір Темір жорықтарының Қазақ жеріне тигізген әсері:
A) Мәдениет дамыды
B) Ел арасында тыныштық оранды
C) Экономикасының, мәдениетінің дамуына адам айтқысыз
зардабын тигізді
8.Моғолстан мемлекетінің ыдырауымен Қазақ хандығының құрамына кірген аймақ:
A) Шығыс Түркістан; B) Жетісу; C) Ыстықкөл маңы
9.Моғолстан хандығы қай ханның тұсында ыдырай бастады:
A) Абд ар-Рашид хан; B) Есен-бұға; C) Тоғылық Темір
10.Әмір Темірдің Алтын Орданы басып алмас бұрын Ақ Орданы әлсіретуді көздеген мақсатына табылған себеп:
A) Ұрыс хан мен Әмір Темір арасындағы шайқас
B) Түй – Қожаның ұлы Тоқтамыстың Темірге қашып баруы
C) Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұрыс
11.Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы Құндызша деген жерде болған шайқас уақыты:
A) 1380 ж; B) 1391ж; C) 1381 ж
12.Моғолстанда дулат әмірлерінің қолдауымен Есен – бұғаның хан тағында отырған уақыты:
A)1371-1372 жж; B)1433-1462 жж; C)1380-1390 жж
Достарыңызбен бөлісу: |