Орындаған: Садыкова Н. 7-семинар. Көне түркі тілінің лексикологиясы. Тарихи этимология. Түркі тілдеріне ортақ сөздер Тапсырмалар



Дата27.02.2023
өлшемі158,64 Kb.
#70341
түріСеминар
Байланысты:
Орында ан Садыкова Н. 7-семинар. К не т ркі тіліні лексикологи


Орындаған: Садыкова Н.
7-семинар. Көне түркі тілінің лексикологиясы. Тарихи этимология. Түркі тілдеріне ортақ сөздер
Тапсырмалар:
1. Көне түркі тілінің лексикологиясы туралы концептуалдық кесте әзірлеңіз.

2. Түркі тілдеріне ортақ сөздердің кластерін құрастырыңыз.





3. Сөздердің этимологиялық табиғатын зерттеген отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдарын салыстырып, жазбаша мәлімет беріңіз.


Келесі міндет – бұл сөздердің этимологиясы қай деңгейде орындалғанын айқындау. Осы мəселеге орай қазақ тіліндегі этимологиялар үш түрлі сипатқа ие деп айтуға болады. Олардың бір тобы – ғылыми теориялық негізде айқындалған этимологиялар. Ғылыми этимологияда оның дəстүрлі принциптері, тілге тəн өзгерістердің ғылыми заңдылықтары түгел сақталып жасалады. Екінші тобы – қызықты этимологиялар. Бұл этимологиялық топта – дəлелдеу тəсілдері мен уəждерін айқындау əдісі өте қызық, алайда ғылымдық негізі шикілеу болады. Үшінші тобы – халықтық (жалған) этимологиялар. Этимологияның бұл түріне – ғылымдық негізі жоқ, тек сөздің сыртқы тұлғасының ұқсастығына ғана сүйеніп, жобалап, жорамалдап айтыла салған, тегі жалған этимологиялар жатады. Бұл топтарға жататын этимологияларды талдап-таратып, дұрыс-бұрыстығын айқындап отыру – этимологиялық сөздік жасауда атқарылатын дайындық жұмыстардың бірі. Тіл-тілдің лексикалық байлығы оның сөздік қорындағы сөз санымен ғана емес, сонымен қатар олардың сапасымен де, мағыналық ауқымымен де өлшенеді. Əдетте, тіліміздегі көптеген сөздер өзінің бір мағынасымен ғана шектеліп қалмай, даму барысында екі, үш, тіпті одан да көп мағынада қолданылатындығы белгілі. Демек, əрбір тілдің сандық дамуынан сапалық дамуына көрнекі мысал бола алатын осы құбылыс. Тарихқа көз жіберетін болсақ, жалпы түркі тілдері бойынша алғашқы этимологиялық сөздік – венгер ғалымы А.Вамбери тарапынан бұдан 153 жыл бұрын жарияланса, одан кейін – көптомдық жалпытүркілік этимологиялық сөздік Э.В.Севортян тарапынан шамамен жүз жылдан аса уақыт кейін жарық көрді. Бұл сөздік түркі тілдері сөз байлығының түбір сөзі табиғатын айқындауға бағышталған. Осы сияқты сөздіктер шет елдерде де жарық көріп келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет