2. Баға жасау әдістері. Жалпы алғанда шығынды және нарықтық әдіс болады. Фирма келесі бағалар түрлерін және оларды жасау әдістерін қолданады:
1) жаңа тауарға бағаны белгілеу: ол өз кезегінде патентпен қорғалған нарық үшін шын мәнінде жаңа болатын тауар үшін бағаны анықтау, нарықта бар тауарларға ұқсас болатын тауар-имитаторға бағаны анықтау. Тауар-имитатор бойынша фирма оның нарықтағы орнын дұрыс анықтау қажет. Ол үшін баға және сапа көрсеткіштерінің ара-қатыстары қарастырылады.
2) Тауар номенклатурасы шеңберінде баға жасау. Мұнда фирма өзі шығаратын тауар номенклатурасы бойынша бағалар жүйесін құрып максимальды пайда алуға тырысады. 4 типтік жағдай болуы мүмкін:
а) тауар ассортименті шеңберінде бағаны жасау. Әртүрлі тауарларға әртүрлі деңгейлі бағалар орнатылады (барлық факторлар, әсіресе шығындар деңгейі, бәсекелестер бағалары, тұтынушылардың көзқарасы, есебке алыну керек)
б) толықтырғыш тауарларға баға орнату. Негізгі тауарға фирмалар кейде қосымша толықтырғыш тауарлар ұсынады. Негізгі мәселе: стандартты тізімге және қосымша, толықтырғыш тізімге нені қосу қажет деген сұрақты шешу.
в) Міндетті қосылымдарға бағаларды орнату. Бұл қосылымдар негізгі тауармен қоса қолданылу қажет. Кейде оларға фирмалар асыра бағаларды қояды.
г) Өндірістің қосалқы өнімдеріне бағаны орнату. Оларды өткізу нәтижесінде негізгі тауардың бағасы кемиді.
3) Бағаларды географиялық қағидаға байланысты орнату. 5 түрлі вариант болады:
а) тауар шығару орнында бағаны анықтау
б) транспорттау шығындарын қосып біріңғай бағаны анықтау
в) зональды бағалар анықтау
г) базистік нүктеге қарай баға орнату
д) фирма транспорттау шығындарын өзі төлеп баға орнатады.
4) Шегерімдері немесе келісулері (зачеты) бар бағаларды орнату.
5) Өткізуді ынталандыруға арналған бағаларды орнату.
6) Дискриминациялық бағаларды орнату.
Айналымға қызмет көрсету сипаты бойынша бағаның келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
— сатып алу және сатудың көтерме сауда бағасы. Көтерме баға деп өндірушілер шығарған тауарларын басқа кәсіпорындарға, өткізуші ұйымдарға ірі партиямен сататын бағаны айтамыз;
— сатып алу бағасы бойынша ауыл шаруашылык өндірушілері өз өнімдерін мемлекетке, кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға қайта өңдеу үшін сатады;
— бөлшек сауда бағасы арқылы тауарлар жеке немесе үсақ сатып алушыларға негізінен халықка өткізіледі;
— смета құны – салынған құрылыска (ғимараттар, үйлер) төленетін баға;
— халыққа көрсетілген қызметтердің бағалары мен тарифтері
— тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықтар, туристік және қонақ үй, денсаулық сақтау, тұрмыстык қызмет көрсету қызметтеріне койылған бөлшек бағаның ерекше түрі.
Айналым саласында (көтерме — өткізуші бөлшек саудада) баға шегерімі мен баға үстемесі қолданылады. Жабдықтаушы-өткізуші ұйымдар бағасы мен жеткізуші кәсіпорынның көтерме бағасы арасындағы жабдыктаушы-өткізуші үстемесі болады. Сатып алу және сатудың көтерме бағасы мен көтерме және бөлшек бағалар араларындағы айырмашылық сауда үстемесін (шегерімін) көрсетеді.