Орындаған: Санқайбай ж тобы: то-207 Тексерген


Ішкі фирма немесе трансферттік бағалар –



бет4/4
Дата18.11.2023
өлшемі38,42 Kb.
#124499
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-32749

Ішкі фирма немесе трансферттік бағалар – кәсіп (фирма) бөлімшелерінің немесе бір ассоциацияға ұйымдастырылған санына кіретін түрлі кәсіпорындардың арасында өнімді өткізуінде кәсіпорын (фирма) ішінде қолданылатын баға. Трансферттік бағалар дайын өнімдерге, жартылай дайын өнімдерге, шикізатқа, сонымен қатар қызметтерге, оның ішінде, басқару қызметтеріне тағайындалады.
Өнімді жеткізу және сату шарттары бойынша бөлінеді:
нетто-баға – сатып алу – сату жеріндегі баға;
брутто-баға (фактуралық баға) – сатып алу және сату шарттары (таура бойынша салықтардың түрлері мен мөлшері, жеңілдіктердің болуы мен деңгейі, франко түрі және сақтандыру шарттары) есепке алынып анықталады. «Франко» термині тауардың сатушыдан сатып алушыға дейінгі жеткізу кезінде тасымалдау шығындарын жеткізуші қай жерге дейін өз мойнына алатынын білдіреді.
сатушының франко-қоймасы – тауарды жеткізу шығындарын толығымен сатып алушыны көтереді;
сатып алушының франко-қоймасы – барлық шығынды сатушы төлейді.
Әлемдік бағалар – бұл нақты тауарларды сататын халықаралық сауданы жеткілікті түрде сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жүргізілетін бағалар. Практикада әлемдік бағалар тауарлардың түрлі топтарында келесідей болып анықталады:
1. Шикізат тауарлары бойынша олар экспорттаушы немесе импорттаушы елдердің бағалары деңгейімен, немесе аукциондар мен биржалар бағаларымен анықталады.
2. Өндірістік-техникалық бағыттағы бұйымдар бойынша – жетекші әлемдік өндірушілер бағалары;
3. Тұтыну тауарлары бойынша – көш басындағы ірі сауда үйлерінің каталогтарында жарияланған бағалармен анықталады.
3. Баға және баға жасау саясатының механизмы
Баға саясаты деп өз тауарларына, қызметтеріне бағаларды орнатуда фирма жетекшілері ұстанатын жалпы қағидалар жиынтығын атайды. Баға стратегиясы деп осы қағидаларды іске асыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығын атайды. Баға саясаты жалпы фирма стратегиясының бір бөлімі ретінде қарастырылады.
Көптеген кәсіпорындар нарық жағдайларында өз қызметін әртүрлі жағдайларға байланысты өзгертуге мәжбүр, бұл орайда, олардың қолданатын баға жүйелері және деңгейлері де өзгереді.
Бағаның өзгеруі аз зерттелген және ТМД елдерінде аз қолданылады. Баға өзгерту әдістерінің мақсаттары:

  • ұзақ мерзімге пайда алу;

  • нақты келісім шарттан мақсатты пайда алу;

  • тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру арқылы сатуларды өсіру;

Баға өзгерту себептері: жер қашықтығы (сыртқы саудада); бағаны шегерім және қосылым жүйелері арқылы өзгерту; сатуды ынталандыру; баға дискриминациясы; тауарға бағаны сатылап төмендету.
Бағаны сонымен қатар әртүрлі шегерімдер (жеңілдіктер) және қосылымдар жасап өзгертеді. Оның алғышарттарына сатуларды және пайданы өсіру, бәсекелестерді ығыстыру, нарықтағы орнын сақтау немесе жаңа нарыққа ену, өткізуді ынталандыру, жалпы шығындарды азайту міндеттері болып табылады.
Баға шегерімдерінің келесі негізгі түрлері болады:
А) Сконто – бұл сатып алушы тез арада (оперативті) және ақшалай төлем жасағанда берілетін баға шегерімі.
Б) Жеңілдетілген баға – белгілі бір өнімдерге жеке тауар нарықтарында немесе жеке тұтынушы топтарына сатуларды ынталандыру үшін қойылады.
В) Сатып алынатын тауар көлемі үшін шегерім – сатып алынатын бірдей тауардың көлемі неғұрлым жоғары болса, оның бағасы белгілі бір пайызға төмендетіледі.
Г) Жалпы (қарапайым) шегерім. Прейскураннты немесе анықтамалық бағадан жасалынады. Көбінесе 20-30 %, кейде 40 пайызға дейін қойылады. Бұл шегерімдер кеңінен құрал-жабдықтарды сатуда немесе өнеркәсіптік шикізатты өткізгенде қолданылады (2-5 пайыз). Сконто шегерімін осы қарапайым шегерімге жатқызуға болады.
Д) Айналым үшін шегерім, бонусты шегерім. Тұрақты тұтынушыларға арнайы келісім негізінде жасалынады. Келісім шартта бұл жағдайда шегерімдер шкаласы қолданылады (айналым көлеміне қарай).
Е) Функциональды шегерім – сауда өрісіндегі шегерім. Тауар өңдірушісі тауапды өткізуде (сақтауда, есеп жүргізуде) белгілі бір функцияларды орындайтын тауар қозғалысы қатысушыларына жасайды.
Ж) Прогрессивті шегерім. Сатып алушы алдын ала белгіленген және көлемі өсетін тауар алғанда берілетін шегерім. Сериялы тапсырыстар өңдіруші үшін ерекше пайда әкеледі, өйткені біртипті тауар неғұрлым көп өңдірілсе, солғұрлым өндіріс шығындары кемиді.
З) Дилерлік шегерім. Өңдіруші тұрақты делдалға немесе сауда өкіліне, әсіресе шетелдік өкіліне жасайтын шегерім. Бұл шегерім түрі құрал-жабдық, машиналарды сатқанда жиі қолданылады.
И) Арнайы шегерім. Артықшылығы бар тұтынушыларға (сатушылар олардың тапсырыстарына мүдделі) жасалынады. Бұл шегерімдерге сынау партияларына және тапсырыстарға, тапсырыстардың тұрақтылығына және мерзім сайын жасалуына байланысты берілетін шегерімдер жатады.
Й) Экспортты шегерімдер. Шетелдік сатып алушыларға жасалынады. Мақсаты – сыртқы нарықта тауардың бәсекелестік қабілетін өсіру.
К) Маусымды шегерімдер. Бұл шегерімдер сатушыға өндіріс көлемін бір қалыпты ұстауға мүмкіндік береді.
Л) Жасырын шегерімдер. Бұл фрахтқа жасалынған шегерімдер, жеңілдетілген несие немесе процентсіз несие беру, тегін қызмет көрсету, тегін үлгі беру түрінде жасалынатын жеңілдіктер.
М) Сапасына байланысты шегерім. Кейде өңдіруші нарықтың тауар ыдысына, қабына, маркировкасына, сипаттамаларына байланысты сұрауларын орындауға қиналғанда, осы тауарларға қойылатын бағаға шегерімдер қолданады. Кейін барлық мәселелер шешілгеннен кейін оларды қайтадан өз деңгейіне жеткізеді.
Н) Бұрын қолданылған жабдықтарды сатудағы шегерімдер.
О) Сервистік шегерімдер – сатылған тауарға қосымша техникалық қызмет көрсетудің, сервис жасаудың орнына шегерімдер беріледі.
П) Клубтық шегерімдер. Өз мүшелеріне тауар, қызмет сатып алуда жеңілдетілген баға ұсынатын ұлттық және халықаралық клубтар.
Р) Мәдениаралық байланыстарды ескергендегі шегерім. Кейбір елдердің (шығыс елдері негізінен) мәдени ерекшеліктеріне байланысты жасалынатын шегерімдер.
С) Өзара есепке алу. Бұрын алынған ескі тауарды жаңаға ауыстырғанда оның бағасы кемітіледі.
3. Өткізуді ынталандыруға бағытталған баға өзгерісі:
А) Қызықтыру бағасы (қармаққа іліндіргіш) – сапасы жоғары болса да, әйгілі тауарды арзан бағамен сату арқылы сату көлемін өсіру. Оны кейде «арнайы ұсыныс» деп атайды.
Б) Арнайы шаралар бағасы. Ерекше ұсыныс кезінде қолданылады. Мысалы, маусым аяқталғанша, сату орны жабылар алдында, табиғат апатынан сапасы төмендеген тауарларды сатқанда.
В) Сыйлық (орнын толтыру -компенсация). Бөлшектеп сатуда өңдірушінің сатып алушыға ақша төлеуі (әсіресе АҚШ тараған). Егер сатып алушы өңдірушіге белгілі бір купон, мәлімдеме жіберсе, тауар құнының бір бөлігін өңдіруші оған қайтарады.
Г) Қарызға сатқанда тиімді пайыз ставкаларын қолдану. Алғашқы тауар үшін төлеу үлесі, қарыздың үстемесі, қайтару уақыты тұтынушы үшін тиімді жасайды.
Д) Кепілдемелік шарттар және қызмет көрсету (сервис) келісімі.
Е) Адам психологиясына әсер ететін баға өзгерісі. Салыстырылатын тауар бағасынан әлдеқайда төмен бағамен сату.
Ж) Бағаның жағдайларға байланысты өзгеруі (дискриминация). Ол тұтынушылық сегментке, өнім формасына және қолданылуына, тауар немесе фирма беделіне, орналасуына, маусымға қарай болуы мүмкін.
З) Ұсынылатын тауар ассортименті бойынша бағаны сатылап түсіру. Кәсіпорын бір өнімнің бірнеше модификациясын шығарғанда оларға әртүрлі баға қолданады (әртүрлі факторларға қарай).
Ерекше қондырғыларға баға сатысы. Жалпы тауардың кейбір бөліктеріне (машина қондырғыларына) бағаны әртүрлі етіп жасайды.
Функциональды жүйелерде қажет өнімдерге баға сатыларын жасау. Негізгі өнімнің бағасын жоғарлатып, оған қажет қосалқы тауарды сонымен қоса сатып алушыға беру. Немесе негізгі тауармен қоса тұрақты қажет заттарды сатқанда оның жалпы бағасын оларды жеке –жеке сатқанға қарағанда төмендету.
И) Баға қосылымы – тсатып алушының ерекше талаптарына байланысты, мысалы, арнайы немесе жеке тапсырысты орындағанда, тауардың сапасын көтергенде, қосымша сервистік қызметтер жасағанда, төлемді бөліп-бөліп төлегенде және т.с.с. жағдайларда тауар бағасын көтеру.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда. Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау негізгі бағыттардың біріне саналады.
Халықаралық ақшалай талаптар мен міндеттемелерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнелейтін және жекелеген елдің немесе барлық
елдің төлем қабілетін сипаттайтын — халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюта өтімділігінің құрылымына шетел валютасы, алтын, Халықаралық валюталық қатынастарға резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағы шоттар кіреді. Аймақтық валюталық жүйелердің пайда болуының себептерінің біріне, жаңа валюталық орталықты құру және оны дүниежүзілік валюталық жүйе аумағына қосу жатады. Аймақтық валюталық жүйе — валюталық бағамдардың ауытқуын азайту және интеграциялау процессті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік-құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция негізінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды» — елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;
2) Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың, өкілділіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Қолданылған әдебиеттер



  1. «Баға жасау» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер жинағы /Оқу-

  2. тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 17-19 б.

  3. Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000.

  4. Баға және оның жасалуы/ Жабайхан Кайкен/ Оқулық құрал. Семей.:2002.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет