ОрындағАН: сатыбалдыева гүлдана тобы: кял 19/1 жалғыз атты жолаушы



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,12 Kb.
#22986
  1   2   3   4
Байланысты:
Аңыздар


ОРЫНДАҒАН: САТЫБАЛДЫЕВА ГҮЛДАНА

ТОБЫ: КЯЛ 19/1

ЖАЛҒЫЗ АТТЫ ЖОЛАУШЫ 

Әлхисса, иә, ерте, ерте, ертеде ешкі жүні бөртеде, қырғауылы қызыл-да, құйрық жүні ұзында Шыңғысхан ұрпағынан өрбіген Адай атты хан болыпты. Ол кезде тақты тақымға қысып отыру қиынның қиыны еді. Басты жау - өз бауырларың. Билiк жолында әкең де, анаң да, ағаң да, апаң да, бәрi - құрбан. Адай хан да көп тұрақтай алмай, таққа бақталас, соңынан ерiп келе жатқан өз бауырларының қолынан ажал табады да, балалары жан сақтау үшiн тоз-тоз болып қашады. Тақ мұрагерi Елтай Алтай тауының орманды етегiндегi Жеменей жазығындағы Жеменей өзенiнiң бойында отырған қалың жұрт iшiне бой тасалайды. 

Жалғыз атты жолаушы шөлдеп келе жатып, алдынан алғаш кезiккен ақбоз үйге түседi. Үйде бәйбiше мен бойжеткен қыздан басқа ешкiм жоқ екен. Отағасы аңға шығып кетiптi. Шөлдеп келіп қымыздың бірер сап-тыаяғын тартып алғаннан кейін жолаушы жiгiттiң көзi iлiнiп кетсе керек. Кенеттен шыққан айқай-шудан оянып кетiптi. Алаңсыз отырған, еркек кiндiктерi ертелетiп аң қағуға кеткен ауылға бiр топ қарақшы шабуыл жасап, тонамақ ниетте екен. Бес қаруы бойында жүретiн ханзада орнынан атып тұрады. Ақбоз үйдiң сықырлауығын найзаның ұшымен ашып, iште-гiлердiң түгел сыртқа шығуын талап етiп тұрған әумесер қарақшыны ат үстiнен жұлып алады да, өзi атқа қарғып мiнедi. Жалаң қылышын жарқ еткiзгенде «бұндай ер жiгiт ауылда жоқ» деп ойлаған қарақшылар қаша жөнелiптi. Сөйтiп жалғыз жолаушы ауылды тонаушылардан құтқарып қалады. Бәйбiшенiң де, сұлу бикештiң де ыстық ықыласы жас жiгiтке ауады. 

Бәйбiше аңнан оралған үй иесi Қыдыр байға болған оқиғаны түгел айтып бередi де, “отағасы өзiңнен қолқам бар. Егер орындасаң ғана айтам. Ал орындамаймын десең онда iшiмде сыртқа шықпай тұншығып қала бермек” деп назданады. Қыдыр бай шабуылшылардың да кiмдер екенiн сезетiн. Осы үйдiң қызына қырындап, “берсең қолыңнан, бермесең жолың-нан” деп жүрген атышулы ел тонаушылар едi. 

- Қолқаңды қабыл алмасам назың сызға айналып, сол қолқаңа тас ты-ғыларын ұғамын, бәйбіше. Бұлай қинамайтын едiң. Бiр бiлгенiң бар шығар. Айт ендеше!

- Айтсам, “қырықтың бiрi қыдыр” деген. Мына жолаушы тегiн жiгiт емес. Алланың бiзге жiберген аманаты шығар. Тектiлiгi тегеурiндi көзiнен төгiлiп тұр. Қызымыз Қанбибiнi осы жігітке қосалық. Жел жағымызға пана болар. 

Қыдыр байға да Елтайдың сыр-сымбаты ұнап қалған-ды. Әрине, жiгiттiң жасырын сыры бар екенiн де бiлдi. Бiлсе де, бәйбiшесiнiң қолқасын қабыл алады.  



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет