ОрындағАН: сатыбалдыева гүлдана тобы: кял 19/1 жалғыз атты жолаушы



бет3/4
Дата31.12.2021
өлшемі24,12 Kb.
#22986
1   2   3   4
Байланысты:
Аңыздар

ҚОЖАМСҮГІР БАТЫР

Қожамсүгір батыр шамамен 1690 – 1750 жылдары өмір сүрген. Ол қазақ – қалмақ соғыстарының біразында болған халық батыры. Ел аузын-дағы аңыз – әңгімелерге қарағанда Қожамсүгір батыр сол шайқастарда Адайдың туын көтеріп жоңғар, қалмақтарға қарсы талай соғысыпты.

Ту түбіне қарасам,

90 кісі Адай бар.

Бастығын оның сұрасаң,

Қожамсүгір батыр бар, —

деген ел аузында өлең жолдары калған. Ел туын да кез – келгенге сеніп бермейтін сияқты. Жау әр уақытта қарсыласының рухын түсіру үшін көбіне ту ұстаған батырды ортаға алып, туын жығуды мақсат етіп соғысады екен. Сарбаздар да бір көзі жауда болса, екінші көзі туында болып, тулары жығылмай көтеріліп тұрса үстем бола береді екен. Қожамсүгір батыр жорықта соғысып жүріп, Адайдың туын жықпапты. Көп шайқастың бірінде ат үстінде ту көтеріп ұстап соғысып жүргенде ту ұстаған қолына қылыш тиіп саусағын жұлып әкетеді. Бірақ соған қарамастан туды түсірмей сау қолына ауыстырып ұстап соғыса беріпті.

Жантұрған жыраудан калган бір нұсқада:

Дұшпанмен жалғыз ұрысты,

Тұла бойы құрысты.

Жалғыз қалып ортада

Көп қалмақпен алысты.

Қылыш тиіп солынан

Жазым болды қолынан.

Қарға іліп тізгінді

Шапты басын құзғынның…,



  • деген де жолдар бар.

Сонымен бір қолының саусағын осып түскен зиялы, сыйлы кісінің атын атамай жеңгелері “ Шолақ қайным ”, “ Батыр қайным ” десе, келіндері “ Шолақ қайнаға ”, “ Батыр қайнаға ” атап кеткен. Содан ол ұрпаққа батырлық шайқастардың бірінен алған дене жарақатымен байланыстырып бейнеленген Шолақ есімімен танымал болып қала берген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет