Орындаған: Сейльханова Балауса Қабылдаған: Зиябек Дана



бет1/4
Дата19.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#69243
  1   2   3   4
Байланысты:
5 зерт акушерство

Буаздық патологиялары. Балау, емдеу және алдын алу іс шаралары. Аборттар және оның жіктелуі

Орындаған: Сейльханова Балауса

Қабылдаған: Зиябек Дана

  • Буаздық ұрғашы малдың организмінде өте күрделі өзгерістер туғызады. Әрбір органның қызметі ауырлап, оған күш түсе бастайды, бұрыңғы ескі ауруларын қоздырады. Бағып-күтімі, азықтануы нашар болса, мал буаздықты көтере алмай ауруға шалдығады, оның себебі организм буаздықты қаламайды. Оған қарсы реакция туғызады. Мұндай ауруларды буаздықтың токсикозы деп атайды.
  • Буаздық ісігі – деп буаз малдың туар алдында бір ай шамасы бұрын артқы аяқтарында, қарынның астыңғы жағында пайда болған ісітерді айтады. Арудың себептері көп, ең алдымен жемшөптің құнарсыз болып жетіспеуі, буаз малдың күнделікті серуенге шықпауы, жүрек, бүйрек аурулары. Соның салдарынан қан айналу қызметі әлсіреп, қан тамырларынң ішкі қысымы артып, қанның сұйық бөлігі қан тамырларының сыртына сүзіліп шығып, көбінесе, тері асты клетчаткасына сіңіп жинала береді де, үлкен болып жайылған салқын ісіктерге айналады. Бұл ісітер ауырмайды. Саусақпен басып көргенде терең шұңқырлар пайда болады. Мұндай мал тез шаршайды, ентігеді. Бұл ісіктер мал туғаннан кейін 5-10 күн ішінде өздігінен жазылып кетеді. Туғанаға дейін малдың ісіген жерлерін күнде ақырындап уқалап массаж жасайды, малды серуенге шығарып, сұйық азықтарды азайтып, сапалы пішінмен азықтандырады.

Гепатопатия

  • Бұл ауру көбінесе, сиырларда кездеседі. Аурудың өршуіне негізгі себеп іштегі төлдің бөліп шығарып жатқан неше түрлі заттардың бауырға тигізетін зиянды әсері, яғни мұны да ана организмінің төлдің өсіп-дамуына көрсеткен қарсы реакциясы деп түсіну керек. Оған қосымша рационда көмірсулар мен дәрумендердің жетіспеуі, құрама жемнің көп берілуі, зат алмасу үрдісін бұзып организмнің резистенттігін төмендетеді.
  • Алғашқы кезде малдың әлсіздігі, тез шаршайтындығы байқалады, жемшөпке тәбеті нашарлап, ас қорыту органдарының қызметі баяулайды, бауырының тұсынан түрткілеп көргенде сиыр ауырсынады. Емдеу мақсатында ең алдымен рационнан жемді алып тастап, орнына шырынды азықтарды қосады. Күніне бір рет венадан 200-400 мл глюкозаның 40 пайыздық ерітіндісін, 100-150 мл хлорлы кальцийдің 10 пайыздық ерітіндісін кофеинмен қосып салады.
  • Алғашқы кезде малдың әлсіздігі, тез шаршайтындығы байқалады, жемшөпке тәбеті нашарлап, ас қорыту органдарының қызметі баяулайды, бауырының тұсынан түрткілеп көргенде сиыр ауырсынады. Емдеу маұсатында ең алдымен рационнан жемді алып тастап, орнына шырынды азықтарды қосады. Күніне бір рет венадан 200-400 мл глюкозаның 40 пайыздық ерітіндісін, 100-150 мл хлорлы кальцийдің 10 пайыздық ерітіндісін кофеинмен қосып салады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет