Ақмола өнеркәсіптік торабы. Құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылық, машиналарын жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларынан тұрады.
Еліміздегі және көршілес Ресей аймақтарындағы металлургиялық кәсіпорындардың шикізат базасы Қостанай өндіріс торабы болып табылады. Оның құрамына темір кендерін өндіру мен байыту кәсіпорындары жұмыс істейтін Қостанай мен Рудный кіреді. Сонымен қатар онда жеңіл және тамақ өнеркәсіптері де дамыған.
Көкшетау өнеркәсіп торабында оттегімен дем алдыратын аппаратуралар, әр түрлі салмақ өлшейтін құралдар шығарылса, ал Арқалықта - боксит өндіріледі.
Петропавл өнеркәсіп торабы көлік қозғағыштары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданған.
06
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданындағы негізгі атмосфераны ластаушы көздерге - табиғи қазба байлықтарды өндірумен шұғылданатын кәсіпорындар мен қаладағы жылу қуатымен қамтамасыз ететін орталықтар және автокөлік жатады. Қоршаған ортаға үлкен залал келтіретіндер өндірістік және тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстары. Үлкен көлемде жиналып қалған қалдықтар қоршаған ортаға зиянын тигізіп қана қоймай, адамдардың өмір сүруіне үлкен қауіп тудырады. Соңғы жылдары бұл кәсіпорындарда экологиялық нормаларды сақтау үшін коршаған ортаны корғауға арналған іс-шаралар жүргізілуде. Көптеген кәсіпорындар қоршаған ортаға зиянды заттарды шығармайтын жаңа технологияларды қолданып өндіріс күшін арттыруда. Өндірістік қалдықтарды қайтадан қолдану экономикалық және экологиялық жағынан да тиімді. Мысалы, Қостанай облысындағы тау-кен өндірісі салаларымен жылу қуаты кешендерінде өндірістік экологиялық бақылау жұмыс істейді. Осының нәтижесінде Қызыл Октябрь кенішіндегі қалдықтарды жою туралы іс-шара өткізіліп, қалдықтың мөлшері біршама азайтылды.
Экологиялық проблемалары
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер көлемі: 565 мың км2
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы: егіншілікті, астықты аудан
Орыс, украин, неміс ұлттарының үлесі жоғары: Солтүстік Қазақстанда
Солтүстік Қазақстанда егістік жердің 78%-ына егіледі: жаздық бидай
Жаздық бидай өсіріледі: Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында
Солтүстік Қазақстанда техникалық дақылдардан өсіріледі: күнбағыс, зығыр
Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының қандай бағыты дамыған: етті-сүтті
Солтүстік Қазақстандағы ең ірі ет комбинаты: Петропавл
Жасанды талшық өндіреді: Қостанайда
Боксит өндіріледі: Аралықта
Павлодарда орналасқан: «ДТ-75 Қазақстан», алюминий зауыты, мұнай өңдеу зауыты
Астанада шығарылады: ауыл шаруашылық машиналары, «Ақмолаауылмаш»
Таразы, өлшеуіш приборлар зауыты орналасқан: Көкшетауда
Ферроқорытпа зауыты орналасқан: Ақсу Бульдозер зауыты.
Қорытынды
09
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-934-7
Бейсенова Ә.С., Қирабаев Ә.С. Қазақстанның географиялық атласы.- Алматы: "Атамұра", 2013.- 104 бет. ISBN 978-601-282-832-0