Орындаған: Серғазы Нұрай



Дата15.11.2023
өлшемі6,22 Kb.
#122998
Байланысты:
Орындаған Серғазы Нұрай-emirsaba.org


Орындаған: Серғазы Нұрай

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті




БӨЖ
Тақырып:Этикалық жағдайды (моральдық қиындық, тосын әлеуметтік жағдаяттар, қоғамдағы өзекті этикалық мәселе, тұлғаның ішкі және тұлға аралық қақтығыс) бағалауды негіздеу және талдау.
Орындаған: Серғазы Нұрай

Абдималикова Аяжан


Алтай Махаббат
Мықтамбек Нұрай
Тұрлады Дариға
Қабылдаған: Күзембаева Айгүл
Тобы: 1701-51
Этикалық жағдаят:

Этикалық дилемма – адамның әртүрлі құндылықтары мен қолжетімді іс-әрекет нұсқалары арасында қайшылық туындайтын жағдай


Мұғалімнің сабағында бір оқушы сабақты қайта-қайта бөліп, мұғалімді елемей, басқа оқушылармен сөйлесіп, шулап отырады. Мұғалім сол оқушыға ескерту жасап, шуламауын айтады. Бірақ оқушы шулауын тоқтатпайды. Мұғалім оқушыға үш рет ескерту айтады. Оқушы сабақты бөлуін тоқтатпаған соң мұғалім оқушыны тұрғызып, басқа оқушылардың көзінше ұрыса бастайды. Сол уақытта жаңағы оқушы телефонымен байқатпай мұғалімді видеоға түсіріп тұрады. Мұғалім қатты ашуланып оқушының намысына тиетін, тәрбиесіне қатысты сөздер айтады. Оқушы сабақ аяқталған соң мектеп директорына барып, мұғалімнің үстінен шағым айтады. Келесі күні директор оқушының ата-анасымен жаңағы мұғаліммен және сол сыныптың оқушыларымен жиналыс өткізеді. Жиналыста директор мұғалімнен оқушының намысына тиетін сөздер айтылдыма деп сұрайды. Мұғалім ондай ситуацияның болғандығын растаса сөгіс алады. Себебі бұл оқушының психикасына әсер етуі мүмкін. Алайда мұғалім оқушыға сабақ барысында шуламау керектігін бірнеше мәрте ескертеді. Оқушы оны елемегендіктен осындай ұрыс естіген болатын. Ал мұғалім оқушыға ұрыспағанын айтып ақталатын болса, оқушы өзіндегі видеоны көрсетеді. Бұл жағдайда қай нұсқаны таңдаса да мұғалімге қолайсыз болады. Бірінші вариантта мұғалім оқушыға қатты ұрысқанын мойындап, кешірім сұраса, бұл жағдай басқа оқушымен қайталануы мүмкін. Ал екінші вариантта мұғалімнің ұрысқандығы факт, оқушы оны видеоға түсіріп алған. Бұл этикалық дилемма болып табылады. Әдетте этикалық дилемманы шешудің жолы үшінші вариантты қарастыру. Немесе екі қарама-қарсы көріністерді қоспағанда, басқа параметрлерді іздестіру. Болған ситуацияның басқа тұстарын қарастыру. Мысалы, адамгершілік, қызметтік, заңдылық немесе моральдық жағынан талдау жасау; шешімдердің арасынан мүлде ситуация көмегі тимейтін бөлікті алып тастау; қалған шешімдерді ойша елестету арқылы іріктеу; өзіңіз нақты қабылдайтын шешімді талдау, яғни, сіз таңдаған шешім сізді тығырықтан шығара ма? Сізге қандай пайдасын әкеледі? Бұл шешімнің зардаптары бар ма? Осы сілтеме арқылы сізде тығырықтан шығу мүмкіндігі туындайды. Ал біздің ситуацияда осы сілтемені қолдансақ, мұғалім адамгершілік жағынан қарастырса болады. Өз ісін мойындап, ата-аналар мен оқушылардан кешірім сұрап, ары қарай тәрбие ісі жөнінде сөз қозғаса мұғалім тығырықтан шыға алады. Ата-аналар бұл жағдайдан кейін өз балаларының тәрбиесіне қаталырақ болады. Осы тәрбие жұмыстарына байланысты философтар өз ойларын білдірген болатын. «Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады» - (Константин У; «Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болуға тиіс» (Карл Маркс); «Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ.» (Саиф Сараи)
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет