Орындаған: Серікқалиев Қуаныш Топ: дир-201в тексерген



бет2/7
Дата13.04.2023
өлшемі39,09 Kb.
#82049
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Криптография СРО

Шифрлеу E (EnCrypt) функциясының кірісіне P-ны беріп, шығуынан C-ны аламыз. Осыны келесідей жазуға болады:

Шифрмәтінді кері ашық мәтінге түрлендіргенде шифрын ашу D (DeCrypt) функциясын кірісіне C түсіп, шығуында P алынады:

Ашық мәтіннің кез келген криптографиялық түрлендіруінің мағынасы соңынан осы ашық мәтінді өз қалпына келтіру мүмкіндігінің болуында, сондықтан келесі өрнекті жаза аламыз:

Мәліметтерді криптографиялық түрлендіруде негізделген ақпараттық процестердің кәдімгідей жағдайлардағы жұмысын бұзу мақсатымен арнайы жасалатын әрекеттерден ақпараттық процестердің қорғалуы криптографиялық қорғау болып табылады. Криптографиялық алгоритмнің сенімділігі тек қана алгортимнің өзінің жасырын болуында негізделген болса, алгоритм шектелген деп аталады. Осындай алгоритмдер криптографияның тарихы жағынан қызықты, бірақ шифрлеуге қойылатын қазіргі кездегі талаптарға сәйкес емес. Себебі осындай жағдайда жасырын хабарлармен алмасатын пайдаланушылардың әр тобының өзінің оригиналды шифрлеу алгоритмі болуы керек. Дайын жабдықтар мен стандартты бағдарламаларды қолдану мүмкін болмайды. Қазіргі кездегі криптографияда бұл мәселе К (key) кілттерін қолдану көмегімен шешіледі. Кілт бір жиын мәндерінен таңдалынады, ол жиын кілттер кеңістігі деп аталады. Және де шифрлеу функциясыда, шифрды ашу функциясыда кілттерден тәуелді болады:

Бұрынғыдай келесі шарт орындалады:

Кейбір алгоритмдер шифрлеу мен шифрды ашуға әртүрлі кілттерді қолданады:

Кілттерді қолданатын криптографиялық алгоритмдердің сенімділігі кілттерді дұрыс таңдау мен оларды жасырын сақтауда негізделген. Осындай алгоритмнің өзін жасырын сақтау қажет емес. Жұмысы осы алгоритмге негізделген криптографиялық құралдардың массалық өндіруін ұйымдастыруға болады. Алгоритмді білгенімен шифрленген хабарды оқып алу мүмкін болмайды, себебі жасырын кілт белгісіз болады.
Криптожүйе деп шифрлеу алгоритмін, мүмкін болатын кілттер жиындарын, ашық және шифрленген мәтіндерді түсінеміз. Криптоаналитик криптожүйенің осалдығын іздейді. Егер де қарсы тұрушылар кілтті криптоанализ негізінде емес, басқа жолмен (мысалы, ұрлап немесе сатып алып) білсе, кілт беделі түсірілген кілт деп аталады. Криптоанализді өткізу әрекеті шабуыл деп аталады. Жетістікті шабуыл бұзу немесе ашу деп аталады.
19 ғасырда электрбайланыс пайда болғанынан бастап криптографияның дамуыда басталды. 19 ғасырда көптеген мемлекеттердің құпия қызметтері осы пәнді өзінің қызметіне міндетті түрде қолданатын пән ретінде түсіне бастады. Криптография саласындағы ғылыми зерттеулердің тарихи аспектілерін әңгімелегенде 1949 жылға дейінгі уақытта ақпаратты жасыру құралдарының математикалық дәлелдеуінің болмағанын атап кеткен жөн.
Криптографияны ғылымға аударған және оны математиканың бір бөлігі ретіне қарастыруға әсер еткен 1949 ж. басылған К.Э. Шеннонның «Теория связи в секретных системах» деген мақаласы. Шеннон жұмысының фундаменталды нәтижесі келесіде болды: алгоритмнің сенімділігі жасырынды кілттің өлшемінен және бастапқы мәтіннің ақпараттық артықшылығынан тәуелді. Шеннон ақпараттың формалды анықтамасын енгізді және жасырын мәтіннің белгілі биттарының берілген санында кілттің анықталмағандығы оның сенімсіз функциясы болып табылатын анықтаманы орнатты. Сонымен бірге, ол маңызды жалғыз ара қашықтық анықтамасын енгізді: бастапқы мәтінді бір мағыналы ашудың мүмкіндігі болатын мәтіннің минималды өлшемі жалғыз ара қашықтық функциясы болып табылады. Жалғыз ара қашықтық мәні кілт өлшеміне пропорционалды және бастапқы мәтіннің артықшылығына кері пропорционалды болатыны дәлелденді. К.Э.Шеннонның жұмысының нәтижесінде теориялық тұрақты шифрлердің бар болуы дәлелденді.
1976 жылы У.Диффи мен М.Е.Хеллманның «Новые направления в крипографии» деген мақаласының басылуы криптографияның дамуының екінші фундаменталды себебі болып табылды. Жасырынды кілтті қолданбай-ақ тасымалданатын ақпараттың құпиялығын қаматамасыздандыру болатыны осы мақалада бірінші рет дәлелденді.
Кәзіргі кездегі криптологияда шифр сенімділігі тек қана қолданылатын кілттін құпиялығымен анықталады деп есептеледі. Бұл ережені бірінші А. Керхгофф голландиялық криптографы ұсынған: жасырын кілттің мәнінен басқа шифрлеудің барлық механизмі жауға белгілі болуы мүмкін деп есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда криптожүйе ашық жүйе деп есептеледі. Осы амал ақпаратты қорғау технологиясының маңызды принципін көрсетеді: жасырын ақпарат қаскүнемдерге белгілі болып қалған кезде жүйенің қорғалуы өзгертілмейтін параметрлерден тәуелді болмауы керек. Әдетте криптожүйе жабдықты және программалық құралдар жиыны болып табылады, оларды уақыт пен басқа құралдардың көп шығынын қолданып өзгертуге болады, ал кілт жеңіл өзгертілетін объект болып табылады. Сондықтан, криптожүйенің беріктігі тек қана кілттің құпиялығынан тәуелді. Тағы да криптоанализде жиі қолданылатын ереже келесі болады: криптоаналитикте хабарлардың шифрмәтіндерінің жеткілікті саны бар деп есептеледі.
Керхгофф ережесі маңызды шифрлеу алгоритмдерінің өңделуіне себеп болды. Қазіргі кезде бұл ереже кең мағынада қолданылады: қорғау жүйенің барлық ұзақтық элементтері потенциалды қаскүнемге белгілі деп есептеледі. Криптожүйелер осындай элементтердің жеке бөлігі болып табылады. Қорғау жүйенің ұзақтық элементтері деп қорғау криптожүйелерінің құрылымы мен анықталатын және де тек қана мамандармен өзгертілетін элементтері есептеледі. Криптожүйенің жеңіл өзгертілетін элементтері деп берілген тәртіп бойынша жиі модификациялануға негізделген элементтерін есептейді. Шифрдың жеңіл өзгертілетін элементтері, мысалы, жасырынды кілт, пароль, идентификатор, т.с. болып табылады.
Керхгофф ережесі келесі фактыны көрсетеді: шифрленген ақпараттың қажетті құпиялық денгейі шифрдың тек қана жеңіл өзгертілетін элементтерімен қамтамасыздандырылады. Әрине, қорғау жүйенің ұзақтық элементтерін құпия сақтау да қиын, сондықтан олар қаскүнемге белгілі болған жағдайда, жүйе берікті болуы керек.
Осы жалпы талаптарға қарамастан арнайы қызметтер қолданатын шифрлер, әрине, құпия сақталынады. Себебі, қазіргі кезде дәлелденетін беріктігі бар криптожүйелерді жасау дамитын теорияның мақсаты болып, өте күрделі мәселе болғандықтан, жасырын ақпараттың қорғалуының қосымша беріктігін қамтамасыздандыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет